{metadescription}
Наурыз айына арналған жұлдыз-жорамал

Наурыз айына арналған жұлдыз-жорамал

Наурыз – көктемнің алғашқы айы несімен ерекше? Астрологтар наурыз айына қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің наурыз айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Наурыз айына жұлдыз-жорамал.

Тоқты табандылығының, сапалы жұмысының және өз міндетіне деген әрекетінің жемісін көреді. Бұл шығармашылық даму мен шабыттандыратын идеялар кезеңі. Наурыз материалдық жағынан қолайлы болмақ. Сіздің қолыңыздан қомақты сома өтеді. Осы кезеңде қауіпті әрекеттер туралы көп ойламаңыз. Өз тәжірибеңізге сүйене отырып, кәсіби қызметте, іскери байланыста жетістікке жете аласыз. Маңыздылық деңгейі үнемі жоғарылайды. Көбісі сізбен сөйлесуге, байланысқа баруға, сенуге тырысады. Бірақ қоршаған ортаңызға мұқият болуыңыз керек, әйтпесе өкпе-реніш орын алып, бір нәрседен көңіліңіз қалуы мүмкін. Тіпті оны жеке іңіздің ақталмағаны деп,  опасыздық ретінде қарауға бейім боласыз. Туыстармен қарым-қатынас жылып, жақсарады. Сіз олардың ортасында біраз нәрсені айтатын боласыз, әңгіме-дүкен құрасыз. Жеке өмір өзіңіз белгілегендей болады.  

Торпақ  қауесеттерге, кездейсоқ ақпаратқа сенбейді.  Көңіл-күйіңіз тек өзіңіз сенетін нәрселердің әсеріне ғана байланысты болмақ. Өзіңізді сенімді адамдармен қоршауға тырысасыз. Бейтаныстар  қызығушылық тудырмайды, оларға көңіл қоймайсыз. Жұмыста біраз тоқырау бар, ол басшылықтың бастама көтермеуінен болады. Бір нәрсені күтесіз, аздаған кідіріс болады. Ол бәріне тән. Бірақ сіз материалдық сипатта нәтижелі іс-әрекетке қол жеткізесіз, тәуелсіз әрекетке баруға дайынсыз. Осы мерзімде құжаттар, құжаттарды рәсімдеу, келісімшарттарға қол қоюыңыз мүмкін. Оның ішінде сіз үлкен мән беретін ауызша келісім бар. Балалардың, жастар мәселесі басты назарда болады. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Ғашықтық сезімі артады.

Егіздер басқа адамдардың идеяларын, кеңестерін үлкен сақтықпен қабылдайды. Шешімге келе алмайсыз, әсіресе кәсіби қарым-қатынаста. Сондай-ақ бастама көтеруге, өзіңізге назар аударуға бейім емессіз. Бақылаушының рөлі сізге басқалардың әрекеті басымырақ. Бірақ сіз ұсақ-түйекке назар аударасыз. Сол себепті бар нәрседен хабардар болып, жан-жақты біліп отырасыз. Бұл кезеңде достық пен отбасылық байланыс  маңызды болмақ. Беделді адамның сізге деген ашық көңілі өзіңіздің сенімді  болуыңызға мүмкіндік береді. Сіз басқаларға өтініш айтпайсыз, бірақ мұндай мүмкіндік сізді шабыттандырады. Сіздің қорғанысыңыз мықты. Қаржылық жағдай біркелкі емес. Наурызда көп үлкен өзгерістер болмайды. Бірақ жұлдыздар бір реттік ақша табудың жақсы мүмкіндігін атап өтеді. Көңіліңізді қайтарған адамнан ескі қарыз қайтарылуы мүмкін. Алда сапар бар. Жеке өмірде ұрыс-керіс пен құпия көп. Тіпті артық кеткен жерлер де болады.    

Шаян мәні жоқ, мағынасы жоқ қарым-қатынастан үзілді-кесілді бас тартады. Бұл сіздің табиғатыңызға жат боолғанымен, кейде мінез көрсеткен де қажет. Сіздің қызығушылықтарыңыз іскерлік байланыстар мен кәсіби қызметке бағытталған. Жұмысқа назар аудару. көп күш-қайратты қажет етеді. Ықпалды одақтастармен жаңа тиімді байланыстар мен келісімдер болуы мүмкін. Алдыңғы серіктестермен бірлескен іс-шараларға қатысты жаңа идеялар пайда болады. Бір нәрсені назарға алып, бақылап, күтесіз. Бірақ сонымен бірге жұмыстың бір бөлігін орындау мұқият боласыз. Сіздің әрекетіңіз көп жағдайда сенімге, уәделер мен ауызша келісімдерге тәуелділікке негізделеді. Наурыз – сізге де, сіздің тарапыңыздан да сыйлықтарға толы болмақ. Қызықты адамдармен қарым-қатынаста боласыз, беделді меценаттардың ортасында боласыз, сіздің атақ-даңқыңыз да біршама өседі. Жеке өміріңізде жан-дүниеңіздегі нәрселер - іс жүзінде жүзеге асырумен сәйкес келеді.

Арыстан жұмысындағы бәсекелестерімен байланысты жағдай түбегейлі шешіледі. Сіздің ықпалыңыз бен өзгенің сізді әлсірету қабілеті айқындалады. Сіз батыл, ақылды және көп нәрсені білетін әрекеттерге дайынсыз. Кейде әріптестердің күдіктері, одақтастардың сенімсіздігі және іскери серіктестердің ашықтығы ашу тудыруы мүмкін. Бірақ сіздің жеке жоспарларыңыз, мақсаттарыңыз бен міндеттеріңіз бар, олар сізді іс-әрекетке итермелейді және міндеттейді. Наурызда сіз алдыңғы кезеңмен салыстырғанда табысты боласыз. Қаржы аспектісі алаңдатады. Бірақ сонымен бірге ақша сізге бірнеше жерден түседі. Сыртқы қатынастардың жаңа түрі пайда болады. Жеке пікірталас, сыртқы қатынас, мінез-құлық туралы көптеген пікірталас болады. Өзіңіздің жеке тұлғаңызды белгілі бір адамдар шеңберіне ұсынудың бұрынғы тәсілін өзгертесіз. Сіздің құпияңыз – ол белгілі бір деректі ақпаратты белгілі бір органдардың арналары арқылы насихаттау. Ал құпия болған жерде сезім де күшті. 

Бикеш кез келген азғыруларға, арандатушылық ұсыныстарға төзімді болады. Сіздің өмір жолыңызда бірнеше рет сыналған айла-амал болады. Сіз оңай қарым-қатынас жасай аласыз, ашық бола аласыз, бірақ ешқашан ұстанымыңызды өзгертпеңіз, бұл сізді әрқашан дұрыс жолға бағыттайды. Наурызда  өзіңіздің қалауыңызға қарамай, мүлдем бейтаныс  адамдарды қызықтырып, оларға өте тартымды боласыз. Күтпеген жерден ұсыныстар болуы мүмкін, сізді мерекеге шақырады. Жаңа шарттармен танысу, саяхатқа шығу, бір мекемеде таныстық болуы мүмкін.  Туысқаныңызға қолдау көрсетесіз, сізді әлі де қызықтыратын қарым-қатынасқа назар аударасыз. Өз мүмкіндіктеріңізді бүгінгі деңгейде  қиын материалдық деңгеймен байланыстыра алмайсыз. Алайда  сатып алу күтілуде, яғни шығын жоқ емес. Жеке өміріңізде сізді таңқалдыру қиынырақ. Сіз қусыз, өзімшілсіз, сонымен қатар өте сезімталсыз.

Таразы кезінде дұрыстап айтылған мәселеге сай әрекет етуге бәрін жұмылдырады. Серіктестерге тура өзіңіз әрекет еткендей еңбектенуді, көздеген мақсатты орындауда жауапкершілікті талап етесіз.  Тарихи сәттермен байланысты күнделікті өмірдің кеңістігін толтыратын құбылыстардың, оқиғалардың мәні маңызды болмақ. Сіз бүгінгі дамудың логикасын өткен кезден, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тұқым қуалаудан іздейсіз. Сіздің отбасы мүшелеріңіздің тегі, аты, күні үлкен мәнге ие болады. Кәсіби қарым-қатынас наурыз айында маңызды болмақ. Өзіңіздің кәсіби қабілетіңізді күн сайын дәлелдеуге тура келеді. Кейде жағдай тым қиын болады. Бірақ сәттілік шегінуге үйренбегендердің жағында болады. Белгілі бір адам сіздің күш-жігеріңізді әшкерелеуге, басқалардың назарын сіздің жеңістеріңізді жоюға бағыттауға тырысады. Бәсекелестік жабайы түрде өтеді. Сонымен бірге қаржылық өсу айқын, ол шабыттандырады. Жұмысқа және жеке өмірге еркіндік енгізу арқылы шектеуді азайтуға болады. Сапарлар жиілеп барады. Жеке өміріңізде сезіміңіз қайта жаңғырады.

Сарышаян өзінің дұрыстығына, дұрыс таңдауына сенімді. Қызығушылықтарыңыз кәсіби салаға бағытталады. Қосымша жұмыс, келісімшарт негізінде бұрынғы ынтымақтастықты жандандыру арқылы қаржылық жағдайды нығайтуға мүмкіндік болады. Жұмысқа қатысты құжаттар, іскери серіктестердің біреуімен бірлескен іс жүргізу маңызды болмақ. Наурызда жаңа шығармашылық одақ пайда болуы мүмкін, бұл ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сізде қызмет түріне, жұмыс жағдайына байланысты таңдау туады. Көптеген кездесу, жылы шырайлы адамдарменәңгімелесіп, жылы қарым-қатынас орнатасыз. Бүгінгі жағдайды қабылдау өзгеретіні айқын. Эмоционалды көңіл-күйіңізде тепе-теңдік пен жаймашуақ басым болады. Жеке өмір бақыланатын және болжанатын кезеңге өтеді. Тартымдылық деңгейі артады. Жоспарланған сапар сәтті болады. 

Мерген «уҺ» деп ақыры кең тыныстап демалады. Шиеленіс пен біршама мәжбүрлі оқшаулану жағдайы аяқталуға жақын. Кейбір жағдайларға байланысты жақында өткенде қалған істердің тұңғиығына түсуіңіз керек. Бұл кезеңдегі кездесулер міндетті түрде  жағымды да болады. Айналаңызда әр түрлі байланыс, өзара әрекеттесу  болады. Айналаңыздағы адамдар сізді үнемі қызықтырады. Бұрынғы одақтастардан пайдалы ұсыныс түсуі мүмкін. Сенімді ақпарат көзінен құнды ақпар аласыз. Болуы мүмкін бәсекелестерге ықпал ету мен жасырын дүние өз жемісін береді. Қарым-қатынас қиындығынан қорықпайсыз. Зияткерлік ойынға, ақыл-ой бәсекесіне дайынсыз. Наурыздағы таныстық өміріңізге күйбің тірлік, аздаған тұрақсыздық және романтикалық көңіл-күй әкелуі мүмкін. Материалдық жағынан зардап шекпейсіз немесе оның қаупі болмауы керек. Жеке өмірде қасыңыздағы адам дер кезінде қолдау көрсететін болады.

Тауешкі аңдып, күту мерзіміне кірді. Басқалар сәл алдыда болуы керек, сонда сіз ешқандай соққыға тап болмайсыз. Соңғы уақытта олардың саны жеткілікті болған. Кейбіреулер сіздің кідірісіңізді батылы жеткіліксіз десе, ал басқалары мұны батылы бармайды деп қабылдайды. Қалай болғанда да, олар сіз туралы көп айтады, сіздің әрекеттеріңізді немесе әрекетсіздігіңізді сөз қылады. Қанша аулақ болып, қатысқыңыз келмесе де, бәрібір, сіз әрдайым оқиғаның қақ ортасында, адамдардың қасында боласыз. Мүлдем дайындалмаған мерекеге қатысу мүмкіндігі болады. Сыйлық ұсынады. Қаржы жағы маңызды міндеттемелерден босатылмайды. Туысқандарға қаржылық қолдау көрсету керек. Наурызда сіз өзіңіздің келбетіңізді мұқият қадағалайтын боласыз. Ұсақ-түйек заттар маңызды болмақ. Ересектер бірте-бірте өзіне деген сүйіспеншілікке ие болады. Жастарға жеке өмірлеріндегі жағдайды қабылдау қиынға соғады. Қасындағы адамына деген сенімі азаяды. Өміріндегі проблемаларға философиялық тұрғыда қарайды. Бос уақытында өткен өміріне көз жүгіртіп, көп нәрсеге басқаша қарайды. 


Суқұйғыш біреудің құпиясын сақтауға тырысу керек. Күнделікті өмірде нағыз сынақ болатын бірнеше міндет  болады. Сізге қоршаған ортаны, өмір сүру және еңбек жағдайларын өзгерту қажеттілігі өзекті болмақ. Алайда өзіңізді өзгертуіңіз керек. Көпшілікке бұл алдағы кезеңнің маңызды тақырыбы болмақ. Басқалары жағдайға көніп, бастаманы басқалардың қолына беруге мәжбүр болады. Алдағы сапарлар жоспарланған, ол көбінесе туысы мен жақын адамдарының еркіне байланысты. Қаржы аспектісі көбісіне маңызды болып қала береді. Бірақ әзірге табыс көп емес. Наурыз - бұрынғы өмір сүру формасынан шығудың қиындығы мен күмәнді құндылықтардан, әдеттен бас тарту кезеңі. Шектеулер кәсіби және жеке өмірде шешуші рөл атқарады. Кейде бойыңызды күшті сезім кернейді. Бірақ олардың баяу қимылы айналада не болып жатқанын нақты бейнелей алмайды. Тап қазір қасыңыздағы достарыңыздың опасыздығынан сақтаныңыз.

Балықтар олар өздерінің көңіл-күйі мен моральдық жағдайын бағалауда күнделікті өмір элементтерінен бас тартады. Сізде әрқашан бәрі жақсы, әдемі болуы тиіс, өзгегег үлгі болуыңыз керек. Осы ұранмен ғана көздеген мақсатқа жетесіз, ол өзіңізге қарапайым, қол жетімді болуы мүмкін. Бірақ кез келген оқиғамен және өз ұстанымдарыңызбен идеалға бөленіп, шынымен де жақсы идеялар мен мақсатқа тартылған бағы бар адам ретінде атаққа кенеле аласыз. Сіздің ортаңыз өзгеруі мүмкін. Барлық ақпарат тек сізге түседі. Сондықтан сіз түк істемей-ақ кез-келген істі алаңсыз басқарасыз. Қаржы ісін жүргізуде – белгілі бір ақшаны аударумен немесе қайтаруға байланысты қиындық туындауы мүмкін. Бірақ шығын болмайды. Бәрі күтпеген жерден жүзеге асырылады. Наурызда көптеген кездесу, қысқа келіссөздер және қызықты адамдармен жаймашуақ қарым-қатынастар күтілуде. Сыйлық, мерекелер, сәтімен демалу мүмкіндігі бар. Жеке өмір қалыпты жағдайдан өзгеше. Елден жасыратыныңыз көп. Бәрінен жасырасыз.  

Астролог Александр Ремпель, Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының жетекшісі.
Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.