{metadescription}
2021 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам

2021 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам

Астрологтар 2021 жылдың қаңтар айына қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің қаңтар айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

Қаңтар айына арналған астрологиялық болжам.   

Тоқты өз орнын нық сезінетін болады. Тағдыр ақыры сіздердің жомарттығыңызды көрсетіп, сіз күткен сұрауларыңызбен болып жатқан оқиғаның сәйкестігін анықтай ма? Мүмкін солай шығар. Негізінде, бұл үйлесімді аспектілер ұсақ-түйектен көрінеді. Сонымен қатар бұл айдағы оқиғалар болжамды және біртектес. Жұмыс жағдайының шынайылығына сәйкес келеді. Көбісі үйге, үй шаруасына және жақындарымен қарым-қатынасқа көңіл бөледі. Барлығында, соның ішінде сезімде белгілі бір сабырлық бар.

Торпақ өзгерісті, қым-қуат тірлікті, іс-әрекетті күтумен келісуге мәжбүр, әсіресе серіктестермен одақтаста. Бұл ай - мұқият шешім қабылдау және ішкі мүмкіндікті тексеру. Алдын алу шараларымен денсаулыққа байланысты қалпына келтіруге тырысасыз. Көбінесе туыстарының нұсқауын орындау, ересек жастағы туыстың өтініштеріне жауап беру қажет болады. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығына қарамастан, үнемдеп, ақша шашу құлшынысыңызды тежеуге тура келеді. Ер адамнан келген жаңалық таң қалдырады және өткен оқиғалар туралы естелікке қайта ораласыз. 

Егіздер әрдайым ләззат әкелген қарапайым әрекеттерге барады. Жұмысыңыз жасырын шығармашылық түрімен байланысты болады. Басқаларға мәтін жазатын, жеке сипаттағы техникалық құрылғыны баптайтын және сайып келгенде, өзін жарнамаламай белгілі бір адамдарға тамақ дайындайтындар ерекше жетістікке жетеді. Қаңтар сіздің күнделікті жұмысыңызға деген қызығушылығыңызды әлсіретуі мүмкін. Жағдай белгілі бір мінез-құлықты белгілейді. Ақшаны үнемдеуге болады, дегенмен өзіңізді ұстауға тырысатындардың бірі емессіз, әсіресе қазір. Қысқа сапар сіздің жоспарыңыздың бір бөлігі болмақ. Бірақ ол әрдайым жұмысқа немесе өмірдің іскерлік жұмысқа байланысты болады. 

Шаян қиял мен романтикадан ада. Сыртыңыздан армандаған табиғаттың әсерін беруге қабілетті және шындықтан біршама алшақ жүрген адамға ұқсайсыз. Тіпті жақындарыңыз сізді армандап жүр деп ойлайды. Дегенмен, сіз өзіңіздің терең мәселелеріңізге үнемі жоспар құрып, басымдыққа ие бола аласыз. Сіздің басты міндетіңіз қаржылық аспектіні күшейтетін және белгілі ортадағы кәсіби беделіңізді арттыра алатын іскерлік тізгінін анықтау болып табылады. Сырттан келген кез келген ұсыныс сіздің ең жақсы іскерлік қасиеттеріңізді көрсету мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Жақындарыңызбен қарым-қатынас ерекше маңызға ие болады, әсіресе сіздің жеке сезіміңіз және оны толық жүзеге асыру мүмкіндігі бар.


Арыстан басқалар күрт құлдырауды бастан кешіргенде, сіз биікте боласыз. Бұл көп жағдайда жұмысқа, кәсіби жоғарылауға қатысты болмақ. Кейбір шектеулерге, жасырын кедергілерге және объективті тоқырауға қарамастан, сіз басқалар әлсіздігін, кемшілігін көрсетудің тағы бір себебін көретін үлкен өзгеріске дайын боласыз. Ешкім де өзіне қарағанда күмәнді немесе нашар көрінуге дайын емес. Бірақ сіздің шығармашылық ақыл-ойыңыз тек моральдық қана емес, сонымен қатар материалдық игілікті игеруге қабілетті. Бұл сәттілік пен жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Бірақ еш кепілдіксіз тәуекелге баруға дайын адамдар үшін ғана.

Бикеш көптен күткен іс-әрекет бостандығына қол жеткізе отырып, тәуелділіктің белгілі бір түрінен босатылғанын түсінеді. Сіз жоспарларды жаңа ашылған мүмкіндікке және өз қызығатын нәрсеге арнап жасайсыз. Бұрыннан келе жатқан қатынастар маңызды болады, олар бұрын белсенді болған. Өзгенің пікіріне қарамай, материалдық позицияңызды нығайтуға мүмкіндік туады. Сонымен бірге мұқият, байқағыш боласыз. Жақындарыңызға деген наразылығыңыз, әсіресе ұсақ-түйек нәрселерге байланысты өсуі мүмкін. Қаңтар отбасылық қатынаста бейбітшілік пен достық тұрғысынан өте қиын. Бұл ай - сынақтар мен шағымның жинақталатын айы. Сезімдеріңіз тек өзіңізге ғана шынайы көрінеді.

Таразы жұмыс туралы ойлауға бағытталатын болады. Кәсіби қызығушылық бірінші орында болады. Сіз сенім артатын іскерлік қатынастар бірінші орынға шығады. Қызметті өзгерту, жұмыспен қамтудың қолайлы жағдайына бару идеясы пайда болады. Сіз ішкі жайлылыққа қарай тартасыз. Амбиция, бақталастық, өршіл көріністер - осының бәрі өзектілігін жоғалтады. Қаңтарда сіз жиі қонақ қабылдайсыз, өзіңізге ұнайтын адамдардың ортасында боласыз. Таныс маршрутпен қысқа сапар болуы мүмкін. Қаржылық жағдай аздап алаңдатады. Сіздің жеке өміріңіз әлеуметтік мәртебеңізге белсенді әсер етеді. Мұның сыры айқындала бастайтын секілді. 

Сарышаян өзінің ішкі ресурсын шығармашылық, ақыл-ой, рухани бағытта өнімділігін арттыруға бағыттайды. Пікірлес адамдармен байланыс маңызды болмақ. Сізді жаңа идеялар қызықтырады, басқа адамдардың жетістіктері шабыттандырады. Бұл уақытта  жетістіктеріңіз айтарлықтай байқалатын болады. Өте пайдалы достастық, мүдделі одақтастармен перспективалық сипаттағы келісім болуы мүмкін. Қаржылық аспект қарқын алады. Қаңтар айында іскери серіктестердің қатысуын көздейтін ұзақ мерзімді жобаны қайтадан аяқтау қажеттілігі туындайды, оның басты шарты – достық, барлық қатысушылардың толық келісімі. Қаңтар сізге жаңа сезімнің күші мен шабыт береді. 

Мерген сіздің арқаңызда, сіздің есебіңізден күн көргісі келетіндердің алдында өз артықшылығыңызды көрсетесізү Қатал және шешуші әрекет етіп, бәсекелестердің сізді төмендетуіне жол бермейсіз. Шешілуі керек бірқатар кәсіби мәселе бар, ол ұзаққа созылатын және алғыссыз тапсырма болуы мүмкін. Сонымен бірге жұмысыңызда жаңару перспективасы ашылады, сіз қалаған бағытта біраз өзгеріс болады. Өзіңіздің бұрынғы біліміңіз бен тәжірибеңізді пайдаға жаратасыз. Осы кезеңде туысқанды қолдау қажеттігі туындайды. Отбасылық ортада жігерлендіретін жаңалық болуы мүмкін. Сыйлықтар мен мереке сіздің өмір салтыңызға тән болмақ. 

Тауешкі не болып жатқанына қуануға асықпайды, өйткені оны компания,а бола жасауға бейім емес. Жақсылық пен қуаныш  туралы жеке ойыңыз бар. Сіз енді мазасыздық пен күтуден мазаңыз кетеді, айтулы күн мен отбасылық дәстүр туралы алаңдаушылықпен тығыз байланысты боласыз. Тілектеріңіз маңызды оқиғаны өткізу, сізге қымбат және қызықты адамдарды жинау үшін бірінші орынға шығады. Жұмыс өте көп уақытты алады, бірақ нәтижесі мүлдем болмауы мүмкін. Бұл мағынада позитивті бола алатын нәрсе - болашақта қалай әрекет етпеу керектігін түсіну және тәжірибе. Бұрынғы адам сізге белсенді түрде қызығушылық танытады. Сезім мен естеліктер тым күшті. 

Суқұйғыш белсенділігі орташа.  Жаңалықтармен, ақпаратпен, тіпті біліммен бөлісуге асықпайсыз. Бұл нәтижені қорытындылау уақыты, белгілі бір қорытынды шығарып, алға қойылған міндеттер шеңберінде қайтадан әрекет ету қажеттілігі туған мерзім. Жоспарларды жүзеге асыруда сіздің рөліңіз шешуші болып табылады. Қашықтан жүргізілетін келіссөздер үлкен маңызға ие болады. Жақын адамдар аясында  маңызды шешім қабылдауға болады. Осы кезеңде сіз мән-жайлар мен өз идеяларыңыздың әсерінен өзгересіз. Ішкі эталондар олардың көрсеткішін айтарлықтай өзгерте алады. Жақын уақытқа дейін ерекше құнды нәрсе жоғалып, шабытты тоқтатады. Сонымен бірге жаңа басымдық пайда болады. Олар өздерінің жарқын бейнесін ашып, көлеңкеден шыққандай болады. Алда сапар күтілуде.

Балықтар ұзаққа созылған мәселені жаңа, күтпеген жағынан шешуге байланысты туыс немесе бұрынғы серіктестің ұсынысы қызықтырады. Осыған байланысты үміттер мен жоспар жігерлендіреді. Сіз әрқашан бітімгер рөлінде жетістікке жетесіз және сіз оған қазірдің өзінде дайынсыз. Негізгі міндет сізді бір жағынан қызықтыратын барлық қажетті байланыс пен қарым-қатынасты  сақтау болады. Қаржы рөлі сіздің іс-әрекетіңізде шешуші болмақ. Туысқа көмектесуге бағытталған жұмыстар болуы мүмкін. Ұмытылған дағдыларды еске түсіріп, өз қолыңызбен бірдеңе жасауыңыз керек болады. Физикалық белсенділік көпшілігіне тән болмақ. Қаңтардағы кездесулер жарқын және есте қаларлықтай болады.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ

ДДСҰ: ВАКЦИНА ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.