{metadescription}
12 - 18 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал

12 - 18 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал

Астрологтардың 12 - 18 сәуірге жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

12 - 18 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал. 

Тоқты құрметке ие болған адамдардың кеңесі мен тұжырымын тыңдауы керек. Қарым-қатынас кезінде төзімділік пен шыдамдылық қажет, әсіресе жақындарыңызбен. Әйтпесе, қатты айтып, артынан өкініп қаласыз. Бұл күндері жиі ашуланасыз. Әсіресе әйелдер – адамдармен жұмыс істейтін, білім берумен айналысатын. Олар өзін дәрежеде сезінеді. Мұғалімдер мен тәлімгерлерді жоспарланбаған көп жұмыс күтеді, тіпті басқа адамдардың жауапкершілігі де. Жұлдыздар уақыттың көп бөлігін адамдардың арасында, оқиғаның қақ ортасында өткізеді дейді. Алынған ақпаратты қайта қарау, қайта бағалау керек. Әр түрлі қызмет түрін іздеу сіздің кәсіби өсуіңізбен байланысты болады. Әңгімелесуге қызық жаңа адамдар назарыңызға түседі. Ақпарат алмасу үздіксіз болады. Туыстарыңыздың проблемалары алаңдатуы мүмкін, олар бірақ тап қазір ол  шешілмейді. Істің жай-күйін өзгерту сіздің қолыңызда емес. Бірақ сіз алаңдап, көңіл бөлесіз. Бреуге сыйлық бересіз. Кез келген қоғамда көрнекті тұлғаға айналасыз. Сыртқы тартымдылық, сөйлескен адамның бар ықыласын өзіңізге аудара білу - бұл қасиет сізді басқалардан ерекшелендіреді. Ал махаббатта, керісінше, өз қажеттілігіңізді серіктесіңіздің пайдасына шешесіз.

Торпақ өз ісін басқа адамдардың мүддесін ескермей-ақ жоспарлайтын болады. Сізді биік және жаһандық мақсат басқарады. Объективті жағдайлардың әсерінен қызмет бағытын өзгертеді. Жаңа ережені, ұсақ және маңызды нәрсені игерумен айналысасыз. Кенеттен тағдыр сізді беймәлім қызмет саласында жеңілдік алу мүмкіндігін оңай және тез көре алатындай етіп шешеді. Осы кезеңде сізді кәсіподақ, адамдар қауымы қызықтыруы мүмкін. Бейтаныс адамдардың өсуінің үлкен дәрежесін көріп, айналасындағыға сенуді тоқтатады. Сыртыңыздан шаршаңқы, мәңгіріп жүргендей көрінгеніңізбен, бірақ бұның артында өткір аналитикалық ақыл, маңызды ақпаратқа тез жауап беру қабілеті жасырын тұрады. Егер өзіңіздің мүддеңізге сай болсаңыз, сіз кез келген адамның алдына шығыр, озасыз. Бұл күндері сізберекеге, үйдегі жайлылыққа бүйрегіңіз бұрады. Сіздің өмір сүру ортаңызды жақсартуға ұмтылу бірінші кезектегі міндетке айналады. Өзіңіздің интерьеріңіздегі барлық қажет және таптырмайтын заттарды үйіп тастап қана қоймай, өз қолыңызбен түпнұсқасын жасай аласыз. Сұлулық сезімі артады. Сізді амбиция, шығармашылық құмарлық жетелейді. Шулы компаниядағы көңілді саяхатқа шығып қалуыңыз мүмкін. Жеке өміріңіздегі жүйелілік жалықтырады. Өзгеріске ынтығасыз.

Егіздер аздап өкініш, мазасыздықты сезінуі мүмкін. Соңғы әрекеттеріңізді басқалар айыптауы мүмкін. Ал басқалардың пікірі сізге бейжай қарамайды. Сонымен қатар өзіңізді мұқият, қамқорлықпен қоршайсыз,күнделікті өміріңіз белсенді, істерге, кездесу мен өзгерістерге толы болады. Сізде моральдық кодексті зерттеуге уақыт жоқ, яғни материалға назар аудару керек. Бұл күндері бірнеше керемет зат сапып   аласыз. Өмірде біз жиі жасай бермейтін үлкен сатып алу да мүмкін. Біреулер үшін бұл сатып алу жылжымайтын мүлік болады, басқаларына бұл сәнді зат, тағы біреуіне өміріңізге тұрақты және біржолата енетін адаммен таныстық болады. Сіз көп уақытты бейтаныс адамдармен бірге өткізесіз. Қысқа сапар күтіледі. Сізді архитектура мен тарих, егде жастағы туыстар мен кіші отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас қызықтырады. Құқықтық мәселе шешілуі керек. Сіз ресми кеңсені аралап, шенеуніктермен кездесесіз. Алайда махаббат, жұмыс, ақша - бәрі сіз үшін сәтті болып шығады.

Шаян болашақ туралы көп ойланатын болады. Белгісіз болашаққа жоспар құрумен айналысасыз. Үйреншікті дүниеге басқа көзқараспен қарайсыз. Өмір сүрудің ескі тәсілі туралы пікіріңіз өзгереді. Жақында сізді сынағандар сізден көмек сұрауы мүмкін. Қиындықтар мен сынақтарға қарамастан, сіз өзіңізге сенімді және мықтысыз. Барлық қызмет саласында жеңіске деген ұмтылыс сізден әлсіз адамдарды ығыстырып, қорқытады. Алыстан немесе шетелден келген адаммен бірнеше рет байланыс болады. Енді өз мүдделеріңізге жұмыс істейсіз. Сапар, қарапайым сапар, сіз үшін жағдайды дамытудағы маңызды кезең болады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл сіздің өміріңізді айтарлықтай өзгертеді. Жұмыста әріптестердің іс-әрекеттеріне қанағаттанбау сәті болуы мүмкін. Сіздің жағымсыз қасиеттеріңіз сыртқа шығады: ұсақ-түйекке тым көңіл бөлу мен төзімсіздік. Демалысты армандайсыз, бірақ сізде көп жұмыс бар. Сіз жеке өмірге ұмтылатын боласыз, бірақ кездесу мен байланыс жеткіліксіз болады. Сіз үнемі адамдар мен оқиғалардың қақ ортасында боласыз. Басқалармен қарым-қатынаста сөздің рөлі артып келеді. Біреумен әңгімелесіп отырып, кездейсоқ естіген ақпаратқа таң қаласыз. Содан тұжырым жасаңыз.

Арыстан бір нәрсені теріс пайдалану арқылы  денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Тек алкоголь мен темекі шегу ғана әл-ауқатыңызды бұзбай, сонымен қатар шамадан тыс тамақ пен шамадан тыс күшті кофе де сіздің жауыңыз. Жұлдыздар спортпен, ашық аспан астында серуендеуге кеңес береді. Физикалық белсенділік пен таза ауадағы жұмыс сізге өте пайдалы. Көпшілігіңізде өз орныңыздан кету, жұмыс орныңызды, тұрғылықты жеріңізді өзгерту ниеті олады. Көпшілікке өзгерістің сөзсіз сапарды жүзеге асыруда көрінеді. Бірақ басқалардың жеке өмірінде және жұмысында нақты елеулі өзгеріс бар. Сіз шамадан тыс шаршап, күш-қуатыңыздың төмендеуін сезінесіз. Бәрін нақты жоспарлай білетіндерді  сәттілік күтіп тұр. Өзіңізді шамадан тыс максимализмнен босатуға тырысыңыз, және көптеген қиындық болмашы ұсақ-түйек болып көрінеді. Сыртқы келбетіңізді жақсылап өзгерте аласыз, үйіңізді күтпеген жерден безендіресіз. Мұны сіздің айналаңыздағы адамдар байқайды. Өзіңізді күтуге, қалыпқа келтіруге деген ұмтылысты сезінесіз. Мәдени, интеллектуалды коммуникацияға қажеттілік артады. Досыңыздың әрекеті туралы жағымсыз ақпарат алуыңыз мүмкін. Жеке өмірге қауіп төніп тұр - үлкен жанжал болуы мүмкін.

Бикеш тұрақсыз қарым-қатынастан, жағымсыз танысудан арылғыңыз келеді. Ұантпайтын адамдарды өзіңізден алыстатудың бірқатар жолы болады. Сонымен қатар, жаңа тұлғаларға деген ұмтылыс сіздің мінез-құлқыңызда табандылықпен көрінеді. Көптен бері жинаған жаңа жобаны жүзеге асырасыз. Күш салу сіздің жарқын қабілеттеріңізді ашуға себеп болады. Сіздің даралығыңыз кәсіби міндетке деген шығармашылық көзқараста да көрінеді. Бұл жұмыс пен шабыт кезеңі. Тым өршіл, кейде төзімсіз болуыңыз мүмкін. Өзіңді жоғары өзін-өзі бағалау сізге зиян тигізуі мүмкін. Сәттілік басқалармен қарым-қатынаста икемді және ақылды адамдардың жағында және олар енді бір жағынан тәуелді болып отырған адамдармен. Бұл күндері құжат айқындығы белгілі болады: сіз бірқатар инстанциядан өтіп, келісімшарт жасасуыңыз керек, құжат рәсімдеуіңіз керек. Жақын туыстарға, әсіресе әйелге назар аудару қажет болады. Өзіңіздің энергияңызды жақсы достармен кездесуден, ауада серуендеуден және табиғатқа шығудан аласыз. Тау, орман, су жағасында серуенге шығасыз. Алда сәтті сапар күтіледі. Осы аптада жөндеу, қалпына келтіру немесе жаңарту жобасы басталады. Сыйлық алуыңыз мүмкін.

Таразы көбінесе жиреншек, қызғаншақ, және күдікшіл болады. Сезімдеріңізді басқалардан жасыруға тырыспайсыз.  Алайда басқалар сіздің көңіл-күйіңізден жиі зардап шегеді. Жейтін тамаққа және оның мөлшеріне назар аударыңыз керек. Тамақтан улану қаупі бар. Күтпеген жерден ауырып қалуыңыз ықтимал. Бұл күндері кейін қалдырған жұмысыңызды немесе өміріңіздің бірнеше жылдары өткен жерлерді аңсау сезімі пайда болуы мүмкін. Естелік әңгіме мен көңіл-күйдің басты тақырыбына айналып, ол жан дүниеңізге әсер етеді. Алайда айналаңызда сізді қызғанатын, сіздің өмір жолыңызға еліктейтіндер көп болады. Сізді жиі әдемі зат, лайықты адам, сәнді тауар мен өнер сүйемелдейді. Бұл күндері театрға, көрмелерге баруға болады. Сіздің бизнес саласындағы жетістігіңіз ешкімді бейжай қалдырмайды. Жоспарланғаннан гөрі күтпеген сапар болуы мүмкін. Өзгелердің жоспары, ниеті сізді қызықтырады. Өзгенің үйінің орналасуын, өмір салтының ерекшелігін түсінуге тырысасыз. Көшеде, әсіресе саябақта басқа адамдардың үйін, тұрмысына ықылас қоясыз. Тек жоғарыдан бір нәрсе құлап кетпесін. Серіктесіңізге төзімсіз және ұстамсыз боласыз.

Сарышаян қауырт сәт, кезек, уақытта жүресіз. Тағдыр сізге бірқатар қиын міндет ұсынады. Бірақ оны сөзсіз орындауды мақсат етесіз. Жұмыста маңызды бетбұрыс, жағдайдың өзгеруі мүмкін. Сіз қиындықтан қорықпаңыз, шара қолданудан тартынбаңыз. Айналаңызға қараңыз: қаншама адам сізге шығармашылық үлгі көрсетіп жатыр. Басқалардан үйренуді үйреніңіз, сонда кедергіні жеңу оңайырақ болады. Сіздің назарыңыз бәсекелестеріңіздің, қарсыластарыңыздың жетістіктері мен мүмкіндіктеріне бағытталады. Бірақ жұлдыздар салыстыру жағдайына тым түспеуге кеңес береді. Мүмкін, сіз қазір қол жеткізіп отырған нәтиже - ең жақсы дүние болар. Жауапкершіліктің жаңа түрі болады. Көптеген тәсілдермен жаңа үйрену немесе өндірістік қатынастың таныс емес түрін игеру қажет. Іскерлік ынтымақтастық тығыз емес, тиімді болып келеді. Көп  жұмыс жүктемесімен бұрынғыдан гөрі еркін боласыз. Жұмыстағы кадр саясатындағы өзгеріс те жоққа шығарылмайды. Сыртқы ұстамдылыққа қарамастан, сіз кенеттен мейірімділікті агрессивтілікке ауыстыра аласыз. Бұл қаржылық мәселені шешуге қолайлы кезең. Жеке өміріңізде серіктесіңізден қуаныш пен қолдау табасыз.

Мерген қайталана беретін нәрсенің  қиындықтарымен тағы да кездесуі мүмкін. Тағы да қиындықтың тап алдына келдіңіз. Жұмыста ақпаратқа мұқият болыңыз. Түсініксіз жағдайға тап болып қалмаңыз. Алынған ақпаратты мұқият тексеріңіз, өйткені шатасулар болуы мүмкін. Алып-қашпа сөз, өсек көп. Соның кесірінен жеке проблема тұрғысынан күтпеген шешім қабылдауға қабілеттісіз. Қауіп басқа біреудің сізге әсер етуінде. Сондай-ақ абайсыз уәде беру мен оны орындамаудан аулақ болыңыз. Құнды тәжірибеңіз және адал одақтастардың қолдауы - жалғыз байлық және қауіпсіздіктің нақты шегі. Бір қате қадам жасап, қауіпсіздіктен айырылып, түксіз қалмасаңыз болды.  Бұл ағымдағы жылдың ең қауіпті кезеңі. Міндетіңіз - ұсақ-түйек затқа көңіл бөлмеу, үрейленбеу. Өндірістің күнделікті режимі сізге жігерсіздік пен шығармашылық қабілетсіздік әкеледі. Бірақ сізде достарыңызбен және пікірлес адамдармен қызықты қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болады. Философиялық және метафизикалық тақырыптардағы пікірталасқа түсесіз. Түйсігіңіз басқалардың ниетін түсінуге және басқа адамдардың ойын оқуға мүмкіндік береді. Ақша алуыңыз мүмкін.

Тауешкі ақыры реніш пен қызғаныштың себебін іздеуді тоқтатады. Өзіңіздің қол жетімді еместігіңізді көрсете отырып, сіз өз пікіріңіз бен іс-әрекетіңізде әрқашан дұрыс немесе дәйекті емес екеніңізді түсінесіз. Көбіне күдігіңіз негізсіз және «түймедейді түйедей ету». Бұл күндері достарыңыздың кешіндегі ең жақсы қонақ болып, байланыс пен таныс жүзді сағынасыз. Жұмысыңызда ұзақ уақыт бойы «қырғи қабақ соғыспен» күрескендермен жақындасасыз. Белгілі бір бір үйге қонаққа барасыз. Сыйлық ұсынылады. Осы кезеңде өз кәсіби жетістіктеріңіздің арқасында белгілі бір адамдар аясында танымал тұлғаға айналасыз. Аз тәжірибелі және білімді адамдар сізден қолдау сұрайды. Қиындықты  байсалдылықпен жеңесіз. Бірақ іштей өзіңізге әлі сенімді емессіз және өз сәттілігіңізге күмәнданасыз. Басқалары сізді қызғанады, қызығады, ал сіз  алдағы қиындықтан қорқасыз. Сізге үлгі етеді, сіз достық қолдауды қажет етесіз. Айтпақшы, осы кезеңде сіз белгілі бір себептермен бептермен қолдаудан айырыласыз. Басқалардың көңілінен шығуға тырысасыз. Жұрт айтатын өзіңіздің дипломаттық қастеттеріңіздің артықшылығын пайдаланыңыз. Сапар күтілуде.

Суқұйғыш жедел шешуді қажет ететін тұрмыстық проблема ағынына енеді. Бұрыннан келе жатқан қиындықтың езгісінен құтыласыз, бірақ сізде болдырмауға болмайтын жаңа қиындық болады. Көбісіне кәсіби өсуге қамқор жасау осы аптаның маңызды міндеті болады. Бұл егжей-тегжейлі көзқарас пен іс-әрекеттің дәйектілігін талап етеді. Қажетті білімді ала отырып, сіз энергетикалық әлеуеттің айқын өсуін сезінесіз. Бірақ бұл сізге қырсықтық әкеледі. Қыңыр боласыз. Шығармашылық қызмет жеке өмір саласы сияқты қаржылық салаға да бағытталады. Бұл сізге белгілі серіктің көмегімен бағындырылатын болады. Оның табиғи сыйы мен интуициясына сүйеніңіз. Сіздің тартымдылығыңыз өмірге деген көзқарастың өзіндік ерекшелігімен қызықтыратын мүмкіндік береді. Бизнесте шашыраңқы боласыз, ойыңыз туыстардың уайымынан алыс. Сүйіспеншілік, жан және мәңгілік тақырып сізді көбірек қызықтырады. Алда телефонмен маңызды әңгіме бар.

Балық қуанышты жақсы қабылдап, одан рахат алып үйреніңіз. Қарсыластарыңыз ниетіңізді оңай «оқи алады». Мазаққа қалып, қатал сыннға ұшырауыңыз мүмкін. Кештер, әлеуметтік кездесу, сондай-ақ баяу салада көп жұмыс болады, оны сіз жақтырмайсыз. Бірақ бұл күндері  ешқандай жауапкершілікті басқалардың мойнына жүктей алмайсыз, өйткені сізге не болып жатқанын нақты нақты бейнелеу қажет. Болашақта бұдан да жақсырақ серіктестік туралы жақында қоштасқан адамнан жақсы жаңалық аласыз. Алдында жұмсалған күш-жігері ақталады. Шектен тыс сөйлеуден аулақ болыңыз, әсіресе бейтаныс адамдармен. Алайда, олар бәрібір сіз туралы сөйлесетін болады. Мұның себебі әйелдер киіміндегі ысырапшылдық пен ресми дәстүрлерге - еркектерге немқұрайлы қарау болады. Жақындарымен қарым-қатынаста сәл бөліну, көзқарас алшақтығы болады. Сенімсіздік пен қызғаныш мазалайды. Бұл сізге парадокс кезеңі: сізді ұстау үшін сізді айыптайды, ал сіз еркін болу үшін қарсылық білдіресіз. Өзіңізге деген назардың артқанына қарамастан, өз қабілеттеріңіздегі ең үлкен күмәнді сезінесіз.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

ОЗБЫР ЕРКЕКТІ ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ? ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ПОРТРЕТІ

ЕГЕР КАРТАҢЫЗДАҒЫ АҚШАНЫ БӨТЕН АДАМ ШЕШІП АЛСА ...

ФИШИНГ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде