{metadescription}
Тест: Өзіндік болмысыңыз қандай?

Тест: Өзіндік болмысыңыз қандай?

Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Біздің түйсігіміз біздің тұлғамызбен тікелей байланысты, сондықтан көз алдыңызда пайда болған нәрсе сіздің шын мәнінде кім екеніңіз туралы көп нәрсені айта алады. Ендеше төмендегі тест-сурет арқылы болмысыңызды ашып көрейік. 

Көрсетілген суретте ең алдымен қай жануарды байқадыңыз?

1. Жираф

Егер жирафты бірден байқасаңыз, онда сіз қарапайым өмір сүретін, бірақ керемет пайымдай алатын адамсыз. Қоғамда нақты өз орныңыз бар, ел қатарлы өмір сүресіз, бірақ соған қарамастан ойлау қабілетіңіз өте жоғары. Шарықтап тұр.

Сіз алдыңызға биік мақсат қоя білесіз, тіпті, білесіз бе, үлкен жетістікке жетуге, орасан зор істер жасауға және өз ортаңызда табысты бола аласыз.

Ұсақ адамдардан, өсек-аяңнан бойыңызды аулақ ұстайсыз. Шайқас бола қалса, сіз басқа адамдарға қарағанда оны ақылмен жеңіп, асқан абыроймен және оп-оңай әрекет етуіңізбен ерекшеленесіз.

2. Арыстан

Егер суреттен ең бірінші арыстанды көрсеңіз, бұл сіздің «табиғаттың патшасы» деп атауға лайық адам екеніңізді білдіреді. Сіз қайсар жүректі, қиындыққа тайсалмай қасқиып қарсы тұра алатын, өмір сынынан ешқашан сүрінбейтін жансыз.

Сіздің күш-қайратыңыздың қайнар көзі тек мықтылығыңыз немесе материалдық мәртебеңіз ғана емес, сонымен қатар өзіңізге деген сенімділік. Сізден айналаңыздағылар сескенуі мүмкін, бірақ көпшілік сізді жақсы көреді, өйткені олар жүрегіңіздің жұмсақ екенін біледі. Бұл сізді жақсы көретін адамдарға шынымен қамқор болуға итермелейді.

Бір сөзбен айтқанда, сіздің жүрегіңіздің төрінде арыстан бар – жабайы, мықты және мәртебелі !

3. Түйе

Суреттен бірден түйеге назар аударсаңыз, демек сіз қандай жағдай болмасын қиындыққа берілмейтін адамсыз. Түйе қиын-қыстау жағдайда аман қалатын жануар. Басыңызға түскен ауырлықты әрдайым батылдықпен, байсалдықпен еңсеріп және оны үлкен еңбекқорлықпен істейсіз.

Сіз күлімсіреп, жымиып жүріп-ақ  өмірдің небір сүрең жолынан шыға аласыз, өйткені өз басыңыз кез келген қиындықтан күшті екеніне сеніміңіз  мол. Өмір сізді небір сынаққа салып, мойныңызға ауыртпалық түсіруі мүмкін. Бірақ ап-сап басылып тынышталған кезде, тек қана сіздің жеңімпаз болғаныңыз бәріне аян болады.

Иә, сіз біреуге көмек қолын созу үшін бірнеше шақырым жүруге дайынсыз. Бірақ басқа адамдар сіздің кең пейіліңізді пайдаланып, өз мүддесіне пайдаға жаратпақ болғанын түсінсеңіз, «өркешіңізге мініп алған» ондай адамды ойланбастан бір-ақ құлатасыз. 

4. Піл

Егер пілдің сұлбасына назар аударсаңыз, бұл сіздің шын мәнінде терең және ірі тұлға екеніңізді білдіреді. Сіз «қалың теріңізде»  өзіңізді  ыңғайлы , жайлы сезінесіз  және ішкі күшіңізге сенімді адамсыз. Сіз ұсақ-түйек нәрсеге алаңдайтын адам емессіз, өйткені сіз кең, ашық, жарқын болашаққа бағыт алған адамсыз. Алға қойған нақты мақсатыңызға асықпай, салмақпен тұрақты түрде жылжисыз.

Егер біреу сіздің жолыңызды бөгеп, кедергі келтіргісі келсе, оның жанын жаһаннамға жіберуге дайынсыз. Дегенмен сіз кешірімді жансыз, бірақ жамандық жасаған адамды еш уақытта ұмытпайсыз.  

Айналаңыздағы адамдарға қорқыныш ұялатқаныңызға қарамастан, сіз өзіңіз сенетін адамдардың ортасында  – жанашыр, сезімтал және ақкөңілсіз.

5. Шошқа

Суреттен бірінші шошқаны көрсеңіз, онда сізді ақыл-парасаты мол және  өткір ойлы адам деп сипаттауға болады. Бұл жануарды көбінесе дұрыс бағаламайды, бірақ ол мінезі берік, ұтқыр жануарлардың бірі болып табылады.Оны тіпті мінезінде  табандылығы басым  деп сипаттауға болады.

Табиғат сізге күшті ерік-жігер мен әртүрлі жағдайда басын аман алып  қалу мүмкіндігін сыйлаған. Әрине, кейде сіз өз қабілеттеріңізге күмәнданасыз, бірақ ешкімге және ешқашан сіздің қолыңыздан бірдеңе келмейтініне сендіруге жол бергізбейсіз.

Сіз әлеуметтік жалпы ережелерге сай келу үшін бәлендей әуре болып тыраштанбайсыз, оған күш кетірмейсіз. Өйткені өз ережеңіз – өзіңізде.  Сіз шыдай алмайтын жалғыз нәрсе – екіжүзділік, сайқалдық. Әр затты өзінің нақты атымен атап үйренгенсіз. Ақты – ақ деп, қараны – қара дейсіз.

6. Жылқы

Суретте ең алдымен жылқыны байқасаңыз, бұл дүниеде емін-еркін өмір сүру үшін туғансыз. Сіздің еркін қалықтап ұшуға деген рухыңыз мықты.  Шекараңызды кеңейтуге итермелейтін және өмірге деген құштарлық басым.

Сізді бағындыру мүмкін емес, өйткені сіз ең алдымен тәуелсіздікті қалайсыз және бағалайсыз. Бірақ қаншалықты еркіндікті сүйгеніңізбен, жақындарыңызға соншалықты қатты берілген, адал болып қала бересіз.

Жылқы қандай әдемі жануар болса, сіздің болмысыңыз да тап сондай керемет. Бірақ кімде-кім сізге қарсы келсе, сіздің құндылықтарыңыз жайлы мәселе туса, сіз әп-сәтте басқаруға көнбейтін, адуын, ауыздықсыз жабайы асауға айналасыз.

7. Аю

Егер көз алдыңызда аю бірінші пайда болса, бұл сіздің күшті, ерік-жігерлі адам екеніңізді білдіреді. Бұл сізге түрлі салада көзге түсіп, ерекшеленуге мүмкіндік береді. Сіздің харизмаңыз керемет. Күш-қайратыңыз таңдай қақтырады. Сонымен бірге сізде көпшілік біле бермейтін мейірім мен ішкі буырқаныс бар.

Сізді қылжақтап, келекелеп, әзілдеуге болмайды. Өйткені сіз ренжіткен адамыңыздың тас-талқанын шығаруға, оның өмірін тозаққа айналдыруға  дайынсыз.Сіз табиғаттың құдіретті де, дүлей күшін елестетесіз.

Қарым-қатынаста сіз дәйекті және тұрақтысыз және олар әрекет ете бастағанда немесе жағдай драмалық болған кезде сізге ұнамайды.

Қарым-қатынаста  сіз жүйелікті, реттілікті, дәйектілікті ұнатасыз. Тұрақты адамсыз. Сіз қылжақтағанды, бұлтаңдауды немесе жағдайды тым шиелестіргенді ұнатпайсыз.

8. Ит

Суреттен ең бірінші итті көрсеңіз, бұл сіздің адалдықты бәрінен де жоғары бағалайтын жылы және сүйіспеншілікке толы адам екеніңізді білдіреді. Сіз жақсы араласатын адамдарыңызға шексіз сенесіз, барыңызды бересіз, ештеңе аямайсыз. Қарымтасына сенімнен басқа ештеңе сұрамайсыз.

Жақындарыңыз үшін сіз бәрін жасауға дайынсыз және дәл осы қасиет сізді керемет адам етіп көрсетеді. Сіз расында да керемет адамсыз. Тек, сіз кешіре алмайтын, ұмыта алмайтын бір-ақ нәрсе – сатқындық. Сіз қанша адамға адал болсаңыз, соншалықты сұсты да, қатал бола аласыз.

Сіз ұсақ-түйек, болмашы, түкке тұрғысыз жеңіл-желпі дүниеге мүлдем көңіл аудармайсыз. Жетістік сіз үшін – бақыт пен қанағат. Оны тек үйлесімді қарым-қатынастан табасыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: МІНЕЗІҢІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ...

ТЕСТ: ҚАНДАЙ АДАМ ЕКЕНІҢІЗДІ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

ТЕСТ: СІЗДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІҢІЗ

АМЕРИКАЛЫҚ ТАҢҒАЖАЙЫП ТЕСТ: СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ?

СПОРТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ БЕЛСЕНДІ БЕС ТҮРІ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде