{metadescription}
Тұрғын үй бағасына не әсер етеді

Тұрғын үй бағасына не әсер етеді

Тұрғын үй құнына не әсер етеді? Қандай факторлар сұранысты арттырады? Ал тұрғын үйдің құнын төмендететін не нәрсе? Баспана сатып алушыларға үй алар кезде ең алдымен не маңызды? Пандемия үй таңдауға қандай өзгеріс енгізді? Сарапшылар осы сұрақтарға былай деп жауап береді:

Наталья Калмыкова, жылжымайтын мүлік агенттігі директорының орынбасары:

Ең алдымен бағаға жалпы экономикалық жағдай әсер етеді. Егер экономика тұрақты болса, ол сұраныс пен ұсыныстың серпінін белгілейді. Жақында басталған зейнеткерлік науқан, үйді жөндеу бағдарламасы және қолжетімді мемлекеттік ипотекалық өнімдер де әсер етті. Тұрғын үйдің сипаттамасы да маңызды: орналасқан жері, ауданы, қабаты (көбінесе бірінші және соңғы емес), балконның болуы, оқшауланған бөлмелері. Тұрғын үйдің жақсы жерде орналасқаны, тіпті дұрыс жөнделмеген болса да, оның бағасын 30 пайызға арттырады. Яғни ең алдымен ауданы мен көлемі бірінші кезекте бағаланады.

Инфрақұрылым нысандары жайлы айтсам, онда әрине, үй сатып алушыларға бар нәрсе жаяу қашықтықта, жақын болғаны маңызды. Жас отбасылар үшін мектеп бірінші орында, қазір олар білімге үлкен мән береді, содан кейін балабақша мен үйірмелер. Қарт клиенттер үшін - емханалар мен дәріханалар. Сонымен қатар барлық санаттар үшін қоғамдық көлік қолжетімді болу, яғни аялдама жақынырақ жер болғаны. Бұл ретте сауда орталықтары мен дүкендер соңғы орында. Қазір метро станцияларының жақындығы туралы сауал көп. Дегенмен инфрақұрылым объектілерінің өзі іс жүзінде баспана құнына әсер етпегенмен, бірақ сату мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.


Марина Грушина, жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:

 — Алматының жылжымайтын мүлік нарығында объектінің орналасқан жері маңызды фактор болып табылады: орталыққа неғұрлым жақын болса, соғұрлым қымбатырақ болады. Одан кейін көлік айырықтары, метрополитен, қоғамдық көлік аялдамалары мен соңғы жылдардағы тренд, инфрақұрылым – балабақша, мектеп, сауда орталықтары.

Осы екі фактор тұрғын үй құнының 1 шаршы метрін 50-150 мың теңгеге арттырады. Егер қала аудандарының тұрғысынан қарасақ, Алатау, Түрксіб рейтингте ең соңғы орында тұр. Одан кейін Наурызбай, Жетісу және Медеу ауданының төменгі бөлігі; содан кейін Әуезов; ал ең алдыда Алмалы, Бостандық аудандары болса, Медеу ауданы тіпті жоғарыда тұр. Ең танымал аудандар – орталық, «алтын квадрат», Достық даңғылының жанындағы аумақ. Сұраныс бойынша екінші орында – Атакент алаңы, Казгуград, «Мегалар». Үшіншіден – Сәтбаев көшесі бойындағы жаңа құрылыстар – Бауман, Розыбакиев. Төртіншіден – тұрғындар тығыз орналасқан аумақтар. Соңғысында – қаланың төменгі бөлігі, оның ішінде жаңа аудандар да өз сатып алушыларын табады, ОЛ негізінен облыстардан келгендер мен бірінші рет жылжымайтын мүлікті сатып алушылар.

Санжар Есімханов, жылжымайтын мүлік агенті:

— Менің байқауымша, сатып алушылар үшін бірінші орында – көлікке қолжетімділік. Мысалы, қазір Жетісу және Мамыр шағын аудандарында метро құрылысына байланысты ондағы баға көтеріліп келеді, шамамен 20 пайызға өсіп отыр. Баспана сатып алушылар бұл аймақтың даму болашағы жақсы екенін түсінеді. Екінші орында серуендеу, ойын алаңдары; үшіншіден – сауда және ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер мен базарлар. Одан кейін мектеп, балабақша, метро және емхана, аялдамалар. Көбісі   жеке клиникаға, өз емханасына немесе сенімді дәрігеріне қаралғысы келеді, сондықтан белгілі бір емханаға да байланысты емес.

Пандемия да өз «еншісін» енгізді – жер үйлер мен жазғы террасасы бар пәтерлерге сұраныс көбейді. Бұнда өз учаскеңіздің, коммуникация, мектеп, супермаркет, көлікке қолжетімділік, ауданы, ағаш отырғызуға қолайлы жағдай, бау-бақша және т.б.барынша рөл атқарады.

Айтпақшы, баспана сатып алушылардың кейде ерекше сұранысы да бар. Мәселен, үйде биткоин өндіруге арналған үш фазалы электрмен жабдықтау жүйесі және пәтерде саунасы болуы керек.

Орналасқан жердің құнына қалай әсер ететініне келетін болсақ, Сайранда жөндеуден өткізілген, кірпіштен салынған екі-үш бөлмелі үй мен, мәселен,  «алтын квадратта» орналасқан, бірақ жөндеусіз, шамамен бір жылдағы кірпіш үйлердегі пәтерді салыстыратын болсақ, онда тіпті бұл жағдайда айырмашылық орталықтың пайдасына 40-50% жетуі мүмкін.

СОНЫМЕН:

Алматы мен Нұр-Сұлтан баспана таңдауда мыналар маңызды:

  • әлеуметтік нысандар – жақсы мектеп, балабақша;
  • алаңдар мен саябақтар, ол пандемияға байланысты бағалана бастады;
  • қоғамдық көлік немесе метро аялдамалары;
  • тұрғын үй ауданы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ИНТЕРНЕТТЕ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАРҒА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАЗА

ҮЙДІ ЖЫЛДАМ ӘРІ ЖАҚСЫ БАҒАҒА САТЫП ЖІБЕРГІҢ КЕЛСЕ ...

НҰСҚАУЛЫҚ: ПӘТЕРДІ ДЕЛДАЛСЫЗ ЖАЛҒА АЛУ

ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ҚАНДАЙ ҮЙДІ ИПОТЕКАҒА САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ
ЖАЛҒА АЛҒАН ҮЙГЕ КІРМЕС БҰРЫН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІ ҚАЙ КЕЗДЕ САТЫП АЛҒАН, САТҚАН ҰТЫМДЫ?

АЛМАТЫДА ҚАЙ ЖЕРДЕН ҮЙДІ ЖАЛҒА АЛУ АРЗАН?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.