{metadescription}
Өзбекстанда қамауға алынған отандасымыздың тағдыры не болмақ?
Өзбекстанда қамауға алынған отандасымыздың тағдыры не болмақ?

Өзбекстанда қамауға алынған отандасымыздың тағдыры не болмақ?

Кеденшілердің кесірінен қамалды. 14-ші қыркүйек күні 33 тонна жүкпен күнгейдегі Бауыржан Қонысбаев кеден бекетінен шекара асқан 44 жастағы Нұрлан Құлтаевты өзбек арнайы қызметі ұстаған болатын. Тағы бір аптадан кейін абақтыға қамаған. Кейіннен отандасымыздың ұсталуына кеден бекетінің қызметкерлерінің 33 тонна жүкті көрмей шекара асырғандығы себеп екені белгілі болған. Бірақ, арада бір айға жуық уақыт өтсе де қазақстандық құзырлы орындар қамаудағы отандасымызға көмек түгілі, жарытып ақпар да ала алмай отыр.

Жасы 70-тен асқан Мінәй Амантаева Қонысбаев бекетін жағалап жүргеніне бір айға жуық уақыт болды. Жалғыз ұлы Нұрлан Құлтаев сусын мен шоколад артқан екі өзбекстан азаматына жалданып, 14-ші қыркүйек күні осы бекет арқылы өзбекстанға өтпек болады. Біздің кеденшілер 33 тона жүгі бар көлікті оп-оңай жүксіз деп құжат толтырып, шекара асыра салыпты. Бірақ, Өзбекстанға кірмей жатып ала шапанды кеденшілер ұстап, екі өзбекті бірден қамауға алса бір аптадан кейін Құлтаевты да жапқан. Қамауға алынар бұрын баласы бейтаныс нөмір арқылы өзбекстанда айыпталып жатқанын хабарлап үлгеріпті.

Мінәй Амантаева, қамаудағы Қазақстан азаматының анасы:

-Менің балам жүктің егесімен өткен. Қасында сол брокерлер тұрған. Бірақ ойда-жоқта жоқ боп кеткен. Содан кейін кеденшілер менің баламды алып кеткен.

Өзбек кеденшілерінің мәліметінше Нұрлан Құлтаев  ұсталған замат Түркістан облыстық кірістер департаменті мен кеденшілеріне хабарлама жіберіпті. Бірақ, ондаған тонна тауары бар көлікті жүксіз деп өткізіп жіберіп масқара болған кеденшілер бұл хабарламаны тіпті анасына да айтпаған. Бұл жолы да Нұрлан Құлтаевтың туыстары кеденге кеп ши шығарған соң бекет басшысының орынбасары шықты. Басшының айтқан уәжі кедендегі жұртты күлкіге қарық қылды.

Абзал Ысқақов, «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекеті басшысының орынбасары:

- Жалған құжатпен өтіп кеткен,сіздің балаңыз.

- Қалайша өтіп кетіп отыр, сіздер таразбен тексермейсіздер ме?

–Бәрі тексерілген. Бірақ, ол өтіп кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Кеденшілердің былығынан кейін бекет басшысы өз қызметінен кетіп, осы жәйт бойынша «салғырттық» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Сорақысы сол өзге елде бір айға жуық қамауда жатқан отандасымызға Қазақстан тарапынан не қорғаушы, не аудармашы жіберілмеген. Сыртқы істер министрлігінде жарытқан ақпар да жоқ.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-Өзбекстан тарапының мәліметіне сәйкес, оған  салық және басқа да өзге де төлемдерден бас тарту деген айып тағылуда.  Оның екі адвокаты бар. Екі адвокатын туыстары жалдаған. Аудармашы берілмеген. Себебі біздің азамат өзбек тілін жетік меңгерген.  Қазіргі таңда біздің консул Қазақстан азаматымен кездесуге әрекеттер жасап жатыр. Өзбекстан сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жіберілді. Соған жауап күтіп отырмыз.

Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік комитетімен тұтқынға алынған Нұрлан Құлтаевтың денсаулығы да дімкәс екен. Асқазанында ашық жарасы, бүйрегінде ісігі бар оның қазіргі хәлін туыстары біле алмай отыр. Оның қамауға алынуына кеденшілер кінәсінен екеніне сенімді туыстары енді бар үмітін елшілік пен сыртқы істер министрлігіне артып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде