{metadescription}
Оралда күйеуі өз кабинетінде әйелін қамап, кепілдікке алды
Оралда күйеуі өз кабинетінде әйелін қамап, кепілдікке алды

Оралда күйеуі өз кабинетінде әйелін қамап, кепілдікке алды

Оралда күш құрылымдары нотариус келіншекті кепілдіктен құтқаруға келіссөз жүргізіп жатыр. Тал түсте Ираида Исламғалиеваны күйеуі өз кабинетінде қамауға алған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктінің қолында пышақ пен гранатаға ұқсас қару бар. Оның нақты жарылғыш зат па, әлде макеті ме, әзірге белгісіз. Нотариус орналасқан үйдің бар тұрғыны пәтерінен қауіпсіз жерге шығарылып, үй толығымен қоршауға алынды.

Куәгерлердің сөзінше, Ириада Исламғалиева бұрыннан осы жерде қызмет етеді. Қазір некедегі күйеуімен ажырасып жатқан екен. Ол түсте кіріп келіп, бірден есікті іштен жауып алыпты. Келіссөзге келген мамандардан күдікті ең алдымен шампан және тәтті кәмпит жеткізуді сұраған. Оның бұл талабы орындалды. Енді келісімге келмесе, күш құрылымдарының шабуылдауына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде