{metadescription}
Энергетика экс-вице-министрі  Шкарупа ақталып шықты
Энергетика экс-вице-министрі  Шкарупа ақталып шықты

Энергетика экс-вице-министрі Шкарупа ақталып шықты

Энергетика экс-вице-министрі Анотолий Шкарупа ақталып шықты. Бюджеттің 104 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталған шенеунік пен екі кәсіпкерге тағылған айыптарды судья негізсіз деп тапты.

Бір жылға созылған сот кезінде үш күдікті де үйқамақта болды. Тергеу мәліметінше 2015 жылы Саран қаласында әкім болған Анатолий Шкрупа  «Тұрғынүй қоры» компаниясының төрағасы Қайсар Байдалы және кәсіпкер  Ерлан Набиевпен бірлесе бюджеттің 214 миллион теңгесіне қол салған. Сарандағы түрғын үйлерге жылу есептегіш құралдар орнатуға бөлінген қаржының 104 миллион теңгесін жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі даулап, тергеуге алған еді. Бірақ Анатолий Шакрупа қазына қаржысы мақсатты  жұмсалғанын айтудан жалықпады. Өйткені есептеуіш құралдардың барлығы орнатылған екен. Миллиондаған қаржының талан-таражаға түскенін тергеушілер де дәлелдей алмады. Тіпті сотта сұралған куәгерлер де күдіктілірге қарсы дәйек келтірмеген. Сондықтан судья бұл істе «қылмыс құрамы жоқ» деп, Анатолий Шкарупа мен кәсіпкерлерді ақтап шықты.

Анатолий Шкарупа:

-Әу бастан-ақ тергеудің дұрыс, заң шеңберінде жүрмегенін мынадан көруге болады. Біз сот барысында тергеу жіберген кемшіліктерді көрсетіп 7 рет  шағым түсірдік. Сол шағымдарымыздың барлығы қанағаттандырылды. Осыдан кейін мен басқа шешім шығатынына күмәнім боламады.  Тек өзімнің кінәлі емес екенімді дәлелдеуге екі жарым жыл уақытым кеткені өкінішті. Енді осы шешімді дауламауға  тергеу органдарының ақылы жетеді деген үміттемін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде