{metadescription}
0:000:00
Риддер тұрғындары саябақтың орнына салынатын мектепке қарсы шықты

Риддер тұрғындары саябақтың орнына салынатын мектепке қарсы шықты

Риддерде саябақтың орнына мектеп салынбақшы. Қала билігі жасыл желекті тып-типыл етіп құрылыс бастамақшы болған. Осыны естіген тұрғындар шенеуніктердің бұл шешіміне жаппай қарсы шықты.

Олар дендробақтағы шетелден  әкеліп отырғызылған жасыл желектің бірде - бірін отауға жол бермейміз дейді. Сондықтан жиналғандар құрылыс бастауға басқа орын табуды талап етуде.

Талай жылдан бері тұрған саябақтың орнына мектеп салынады дегенді естігелі тұрғындардан маза қашты. Себебі, жасыл-желек оталса, күнделікті серуеңдейтін орын таппаймыз деп қынжылады жиналғандар. Қазір шағын шаһардың жасы да, жасампазы да осы демалыс орнына келуге құштар. Себебі, мұнда табиғатқа көрік беретін 50-ден астам ағаш отырғызылған. Жұрттың айтуынша, елмізде жоқ көшеттердің басым бөлігі шет мемлекттерден әлінген.

Татьяна Пирсенко, Риддер қаласының тұрғыны:

Бірдеңе салу үшін екінші нәрсені бұзудың қажеті жоқ. Өрт болғанда орманның көп бөлігі жанып кетті. Қаламыздың табиғаты құрып барады. Бізде қазір қалғаны осы дендропарк қана.

Сондықтан жергілікті тұрғындар бұл жерге білім ошағын салуға үзілді-кесілді қарсы. Атқамінерлердің мектеп құрлысын жүргізуге басқа орын таппағанына ашынып отыр.

Юлия Кельм, Риддер қаласының тұрғыны:

Осы ауданда бос жер көп болса да, қала шегіндегі орманды жою керек. Жер көп қой? Оның үстіне бұл жер стратегиялық тұрғыдан түсініксіз. Аялдама жоқ, кірме жол жоқ. Ең жақын аялдама 700 метрде орналасқан.

Ал шенеуніктер жасыл-желегі жайқалған алқап саябақ қатарына жатпайды дейді. Бұл жер Кеңес дәуірінде студенттердің сынақ жүргізетін алаңы болған екен. Қазір ешкім күтім жасамай, айналасы күл-қоқысқа толып бос қалған көрінеді. Сондықтан атқамінерлер 300 оқушыға арналған мектеп тұрғызуды жөн санапты.

Әсем Ағажаева, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:

Мектеп құрлысы дәл осы жерден жүргізіледі. Келешекте жаңа мектептің ұжымы мен атааналар күтімге алатын болады. Қазір халық саны көбейгендіктен мектеп тапшылығы туындап жатыр. Осы аудандағы мектеп толып кеткендіктен жаңа оқу орнын салу маңызды.

Мамандар саябақтағы тал-терек түгел оталмайтынын айтуда. Соған қарамастан тұрғындар жаппай қол жинап, құрылысты жүргізбесін деген талаппен елордаға аттанбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде