{metadescription}
Шымкентте 17 жасар бозбала құрдасын атып өлтірді

Шымкентте 17 жасар бозбала құрдасын атып өлтірді

Шымкентте кәмелет жасқа толмаған 17 жастағы бозбала оққа ұшты.

Оқыс оқиға «Самал» шағынауданында орын алған, деп хабарлайды otyrar.kz. Бір біріне басымдық көрсеткісі келген екі топ ерегісіп, төбелеседі. Нәтижесінде 2001 жылғы бозбала құрдасын шолақ мылтықпен атып жарақаттаған. Бірден жедел жәрдем шақырылған. Дегенмен оқ тиген бала ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

«Аса ауыр қылмыс жасады» деп күдіктеліп Шымкент қаласының тұрғыны 2001 жылы туған, жасы кәмелетке толмаған жасөспірім Шымкент қаласының тергеу сотының санкциясымен 9-шы қазан күні екі ай мерзімге қамауға алынды.

«2001 жылы туған азамат ҚР ҚК -нің 99 бабы бойынша күдіктеліп отыр. Екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берілді. Аса ауыр қылмыс болғандықтан кепілге жатпайды»-дейді Шымкент қаласының тергеу сотының судьясы Қамшыбек Анарбаев.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде