Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада полиция көлігі апатқа ұшырады
Әлеуметтік желіде оқиғаның Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті аумағында орын алғаны айтылған.
08:17 15.02.2019
Онда полиция көлігі жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, біршама зақымданғаны көрініп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлікті қалалық полиция басқармасының қызметкері жүргізген. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, оған қатысты тиісті қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram