Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Танымал актер қайтыс болды
Италиялық актер Карло Делле Пьяне 83 жасында өмірден озды.
14:26 24.08.2019
Бұл туралы ANSA агенттігіне әйелі Криспино хабарлады. Актер Римде қайтыс болған. Неден және қалай көз жұмғаны туралы хабарланбайды. Делле Пьяне 70 жыл ішінде жүзден астам киноға түскен. Ол Витторио де Сика, Альберто Сарди, Альдо Фабрици секілді белгілі режиссерлермен жұмыс істеді. Актер түскен фильмдер - "Американец в Риме", "Полицейские и воры", "Монах из Монцы" және "Рыцари крестового похода".
Ол 1983 жылы ең үздік ерлер рөлі аталымында Венеция кинофестивалінің Пазинетти премиясын алды. Үш жылдан кейін Венеция кинофестивалінің "Күміс арыстаны" жүлдесіне ие болды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram