Жансая Әбдімәлік Венада өткен жарыста 1-орын алды
Шахматшы Жансая Әбдімәлік 17-24 тамыз аралығында Венада өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
12:52 26.08.2019
Ол әйелдер арасында 1 орынды иеленді, ал ерлер арасында 2-11 орынды бөлді.
«Кеше Vienna Open халықаралық турнирі аяқталды. Мен әйелдер арасында 1-орынды иелендім, ерлер арасында 2-11-ді бөлдім. Барлық жанкүйерлеріме қолдау көрсеткендері үшін рахмет», - деп жазды Жансая Instagram-да.
Сонымен қатар, отандасымыз қыздар арасындағы үздік нәтижесі үшін аты аңызға айналған Нана Александрияның қолынан арнайы сыйлық алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!