{metadescription}
Әнші Жанар Хамитова қайтыс болды

Әнші Жанар Хамитова қайтыс болды

Бірнеше жыл өнерден алшақтап, биылғы жылы сахнаға қайта оралған әнші Жанар Хамитова көз жұмды.

Бұл туралы журналист Анна Данченко мәлімдеді

"Сене алар емеспін... Иманды болсын!" - деп жазды журналист Instagram желісінде.

Жанар Хамитованың өнердегі әріптесі Әбу-Кай әншінің өлімі туралы қаралы хабарды растады.

"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабарды естіп, төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта Жанарға не болғанын сұрап қаншама хат келді. Мән-жайды анықтап, ағасына хабарластым. Өкінішке орай, сіздер де, мен де естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке, ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті, өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көремін, әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын! Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды әнші Instagram-да. 

Айта кетейік, Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын. 

Жанар хамитова араға бірнеше жыл салып алғаш рет "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өз шындығын айтқан болатын. Артынша ел назарына қайта оралған Жанар тағы да қонақ болып кеткен болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде