{metadescription}
Түркістан облысында келіні енесін балғамен ұрып өлтірді

Түркістан облысында келіні енесін балғамен ұрып өлтірді

Түркістан облысы Созақ ауданында егде жастағы әйелді өз келіні балғамен ұрып өлтірген.

16 қыркүйек күні ер адам Созақ аудандық полиция бөліміне хабарласып, көрші үйдің асханасында үй иесінің мәйіті жатқанын хабарлаған. Полиция мәліметінше, мәйітті тексеру кезінде жәбірленушінің басынан ауыр затпен жарақат алып көз жұмғаны анықталды.

Полицейлердің сөзінше, марқұмның үйінің есігі сыртынан құлыпталып жабылған екен. Сондықтан олар әйелдің өліміне жақындарының қатысы бар болуы мүмкін деп топшылапты. Тергеу барысында анықталғандай, әйелді өлтірді деген күдікке келіні ілінді. 

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркелді. Жедел уәкілдер күдіктіні өзінің үйінен, яғни отбасымен тұратын мекен жайдан ұстады. Күдікті әйел қамауда. Өзінің кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде балға тәркіленіп алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеушілер өлімнің себебін және оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде