{metadescription}
Газ құбырында жарылыс болды
Малайзияның шығысында Сабах және Саравак штаттарының арасындағы газ құбырында жарылыс болып, соңы өртке ұласты.
13:40 14.01.2020
«Газ құбыры аумағында жарылыс болғаны туралы ақпарат түсті, себептері әлі белгісіз», - дейді жергілікті билік өкілдері.
Оқиға орнына малайзиялық Petronas мұнай-газ корпорациясының өкілдері мен өрт сөндіру тобы аттанды. Әзірге жарылыс салдарынан мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!