{metadescription}
АҚШ әскерлері Сириядағы тұрғындарға оқ жаудырды

АҚШ әскерлері Сириядағы тұрғындарға оқ жаудырды

Сирияның Камышлы қаласының маңында АҚШ әскерлері мен жергілікті тұрғындардың арасында жанжал туып, оның арты атысқа ұласты.

Қаладағы билік әскерлері қатардан ауытқып кеткен америкалық жауынгерлердің көлігін тоқтатыпты. Соның салдарынан екі тараптың арасында кикілжің орын алған. Бір кездері америкалық әскерлер қарапайым тұрғындарға оқ жаудыра бастады. Нәтижесінде 14 жастағы жеткіншек қаза болып, бір тұрғын ауыр жарақат алған. Оқиғаға ресейлік әскерлер араласып, жанжалды тоқтатыпты.

Осылайша АҚШ жауынгерлері әскери базаға қайтарылған. Өз кезегінде АҚШ-тың өкілі Майлз Кэггинс америкалық әскерлер оқты өздерін қорғау үшін атқанын мәлімдеді. 

"12 ақпан күні АҚШ-тың Сириядағы Камышлы қаласын бақылап жүрген әскерлер сол жердегі қарулы топты байқаған. Олар сириялық режимді орнатпақшы болыпты. Біздің әскерлер оларға ескерту жасаған, бірақ белгісіз біреулер оқ ата бастапты. Біздікілер оларға қарсы қару қолданған", - деп жазыпты АҚШ коалициясының ресми өкілі Майлз Кэггинс.

Бұған қоса ол атыстың салдарынан бір америкалық әскер зардап шеккенін айтып кетті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде