Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирус пандемиясы әлі өз шыңына жеткен жоқ - ДДСҰ басшысы
Әлемдегі коронавирус пандемиясы әлі өз шыңына жеткен жоқ.
08:02 08.07.2020
Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді. Оның айтуынша, демалыс күндері әлемде 400 мың жұқтыру жағдайы анықталған.
"Өршу жеделдеуде, біз әлі эпидемия шыңына шықпадық", - деді ДДСҰ басшысы.
Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, ДДСҰ сарапшылары жақын арада Қытайға барып, COVID-19 пайда болуының сипатын және оның жануардан адамға қалай берілетінін анықтайды.
"Барлық дайындық аяқталды және ДДСҰ сарапшылары COVID-19 зооноздық көзін анықтау үшін қытайлық әріптестерімен бірге ғылыми жоспарларды дайындау үшін Қытайға жіберіледі. Сарапшылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басқаратын халықаралық миссияның қамту саласы мен шарттарын әзірлейді, оның мақсаты СOVID-19 жануар тасымалдаушыларын зерттеп, аурудың жануарлардан адамға қалай өткенін анықтау", - деді Гебрейесус.
Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 жаңа коронавирустың өршуіне байланысты пандемия жариялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram