{metadescription}
Алматыда тау бөктеріне шығуға тыйым салынды

Алматыда тау бөктеріне шығуға тыйым салынды

Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.

Департамент таратқан мәліметке қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 13-16 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген ведомстваның хабарламасында.

Қазгидромет ауа райы болжамына сәйкес 13 сәуірде республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Тек оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде