Алматыда 14 жасар қыз жоғалып кетті
Жасөспірім 16 қыркүйек күні Алатау ауданындағы №91 мектептен кешкі уақытта шығып кеткен.
17:09 17.09.2021
«Үстінде қара футболка, қара джинсы, аяғында ақ түсті кроссовка, қолында рюкзак болған. Оның шашы қызғылт сары түске боялған, дене бітімі орташа. Бойы - 160-165 см», - деп хабарлады еріктілер.
Қалалық полиция қыздың ата-анасы түнде өтініш түсіргенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта іздестіру шаралары ұйымдастырылды, мән-жайлар зерттелуде, қыздың ортасы тексерілуде. Біз оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз», - деп хабарлады Алатау аудандық полиция басқармасындағылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!