{metadescription}
Ұшақ радардан жоғалып кетті

Ұшақ радардан жоғалып кетті

Ан-26 ұшағының бортында алты адам болған.

Ұшақ әуеге байланыс құралдарын тексеру үшін көтерілген. Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды, деп хабарлады РИА Новости-ге өңірдің шұғыл қызметтері. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті. Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр. Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.