Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Балқашта ұсталған 18 жастағы жігіт есірткі сақталатын орындарды көрсетті
15 қазанда Балқашта “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды облысы Балқаш қаласының ПБ есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері 18 жастағы жас жігітті ұстады.
12:35 25.10.2021
Тексеру кезінде күдіктіден ұнтақ заттан тұратын полиэтилен пакеті алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу барысында күдікті марихуананы сақтайтын жеті орынды көрсетті. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!