{metadescription}
Ақтөбеде пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушы айыппұл төледі

Ақтөбеде пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушы айыппұл төледі

Маңғышлақ-Алматы, Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойызға мас күйінде мінген жолаушылар тоқтату кранын жұлып алды. Оларды пойыздан түсіріп, айыппұл салды, деп жазады kazinform.

Бірінші оқиға «Маңғышлақ-Алматы» бағытындағы пойызда болды. Көліктегі полиция қызметкерлері тексеру кезінде Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ол масаң күйінде пойыздың тоқтату кранын жұлып алған.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық тексеру кезінде орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды. Сол кезде құқық бұзушы пойыздан түсіріліп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені және пойызды заңсыз тоқтатқаны үшін жауапқа тартылды. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

- «Алматы – Ақтөбе» бағытындағы пойыздың «Алға – Бестамақ» аралығында да дәл осындай оқиға тіркелді. Бұл жолы тоқтату кранын 63 жастағы ер адам жұлып алды. Ол да мас болған. Көліктегі полиция акт толтырып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салды,- деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Биыл Көліктегі ПД қызметкерлері 13 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Оның мыңнан астамы ішімдік ішіп, қоғамдық орында жүрсе, 10-ы кранды жұлып алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде