Қостанай облысында анасы мен үш баласы ыс тиіп уланды
Қостанай облысында бір отбасының мүшелері пештен шыққан қауіпті газдан уланған.
Фото: Freepik
18:53 29.02.2024
Бүгін Қостанай облысының Федоровка ауылында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережесін бұзу себебінен бір әйел мен үш бала улы газдан уланып қалды.
Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
«Жылудың, электр құрылғыларының жағдайын қадағалаңыз, розетканың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз, ғимаратта темекі шекпеңіз» деп ескертеді төтенше жағдайлар департаментінен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!