{metadescription}
Арқалық қаласында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 24 отбасы пәтер алды

Арқалық қаласында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 24 отбасы пәтер алды

Екідін ауылында баспанасынан айырылған ауыл тұрғындары енді Арқалыққа қоныс аударады. Пәтер кілтін алғашқылардың бірі болып зейнеткер Сағира Ахметжан алды.

Комиссия қорытындысы оңтүстік өңірлердегі өтініштердің жалпы санынан 73 үйді қалпына келтіру мүмкін емес екенін көрсетті. Отбасыларға Арқалық қаласынан пәтерлер ұсынылды. Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарынан 24 отбасына пәтер сатып алу үшін құрылыс салушылармен барлығы 317 млн 183 мың теңгеге 24 келісімшарт жасалып, бұл қаражат жақын арада есепшотқа түсетін болады.

Табиғи апат салдарынан үйі қираған Екідін ауылының тұрғыны зейнеткер Сағира Ахметжанның отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтін Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов табыс етті. Әйел зардап шеккендердің басына түскен жағдайға бей-жай қарамаған әкімге және барша жанға алғысын білдірді. 

Еске сала кетсек, Қостанай облысына «үлкен су» 25 наурызда келді. Арқалық маңындағы ауылдарды су басты, Жангелді және Амангелді аудандарындағы елді мекендер де зардап шекті. Онда 28 наурызда төтенше жағдай жарияланды.

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. 

Облыстың Қарасу, Қостанай аудандары мен Қостанайда төтенше жағдай режимі енгізілді. Облыс әкімдігі шығынды өтейтінін мәлімдеді. Кейінірек олар келтірілген залалдың қалай есептелетінін және төлемдер қалай жүзеге асырылатыны түсіндірілді. 

Табиғат апатына қарсы күрес жұмыстарына облыс белсенділері көмектесіп жатыр.  

Су басқан аудандардың балалары республикалық сауықтыру орталықтарында тегін демалатыны хабарланды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.