{metadescription}
Педофилдерге жаза күшейтілді

Педофилдерге жаза күшейтілді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін жазаны күшейтетін заңға қол қойды, атап айтқанда 60 жастан асқан азаматтар мұндай қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес, қылмыс жасаған кезде 60 жасқа толған ер адамдарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатыны хабарланды. Әңгіме «баланың жыныстық қол сұғылмауына және жыныстық бостандығына қарсы» қылмыс жасағандар туралы болып отыр. Бұрын мұндай қылмысы үшін жасы 60-тан асқан адамдарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілмеген, деп жазады kazinform.

«Заңға сәйкес Қырғыз Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, жазасын өтеуге кедергі келтіретін ауыр сырқатының болуына қарамастан, сот баланың жыныстық қол сұғылмауына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыс жасағаны үшін айыптау үкімі шығарылатыны белгілеп қойылды», – делінген хабарламада.

Түзетулерді парламент 11 сәуірде қабылдаған.

Қырғызстанда жазаның ең жоғары түрі – өмір бойына бас бостандығынан айыру болып есептелінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде