{metadescription}
Ақмола облысында төгілген тұз қышқылы жойылды

Ақмола облысында төгілген тұз қышқылы жойылды

Ақмола облысында тұз қышқылы төгілген жер тазартылды. Апат салдарын жоюға облыс пен Астана қаласының құтқарушылары қатысты.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Сарыоба стансасында жүк пойызының бір цистернасынан тұз қышқылы төгілді.

- Тұз қышқылы цистернада пайда болған жарықшақтан аққан. Дереу облыстық және аудандық штабтар жұмылдырылды. Қауіпті жүк тиелген цистерна негізгі пойыздан ажыратылды. Үш адам алдын ала эвакуацияланды, - деп хабарлады департамент.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта адамдардың өміріне төнген қауіп жоқ. Жағдай аймақтың төтенше жағдайлар қызметінің бақылауында.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.