{metadescription}
Алматыда жүргізушінің басын жарған мопедшілер іздестіріліп жатыр

Алматыда жүргізушінің басын жарған мопедшілер іздестіріліп жатыр

Әлеуметтік желілерде екі мопедшімен ер адам арасындағы төбелестің бейнежазбасы тарады.

Бейнероликтен ер кісі мен қолына арматура ұстаған мопедшілер арасындағы төбелесті көруге болады. Жанжал салдарынан көлік жүргізушінің басы жарылған. Адамдар төбелесті тоқтатып, оқиға орынан кетпекші болған мопедшілерді тоқтатуға тырысқан. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады kazinform.

«Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларының кешені қабылдануда», - деп хабарлайды департамент баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде