Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - Шырғалаң 2 маусым 30 эпизод
17.01.2020
Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл – өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.
Бұл мәселеде:
29 жасар Шолпан қиялындағы жігітті кездестірсем деп армандап жүреді. Анасы қызына жасы келгенін айтып, тұрмысқа шық, сәби сүйетін уақытың келді деп Шолпанның құлағының етін жей бастайды. Бірде Шолпан бір жігітпен кездейсоқ танысады. Олардың қарым-қатынасы күннен күнге жақсара бастайды. Бірде бойжеткен Асан жайында неше түрлі жел сөз естиді. Яғни біреулерден Асанды екі үйде өмір сүріп жүр, оның әйелі мен бала-шағасы бар екен дегенді естіп, шошып кетеді. Шолпанның ол кезде Асаннан аяғы ауырлаған болатын. Арада бірталай түсінбестік орын алады, шақшадай басы шарадай болған Шолпан не істерін білмей жүргенде, мәселенің мән-жайы дер кезінде анықталады. Сөйтсе, Асанның Үсен есімді сыңары бар екен, Үсеннің отбасы, бала-шағасы бар болғандықтан, елдің бәрі оны Шолпанның жігітімен шатастырған екен. Осыдан соң Шолпан мен Асан үйленіп, сәбилерін қолдарына алғанша асығады.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Табынушы 2 маусым 40 эпизод
Мөлдір танымал әншіні жанындай жақсы көргені соншалық, тіпті оның жары болатынына имандай сенді. Көздеген мақсатына ...
Тәубеге келу 2 маусым 39 эпизод
Алтынай күйеуінің адал сезіміне нық сенімді болатын. Тіпті бірде үйіне келген қыздың күйеуінің көңілдесі екенін ...
Басына келді 2 маусым 38 эпизод
Ақболта құрбысының ғаламторда танысқан жігітімен кездесуіне қолдау көрсетуге келеді. Бірақ ол жігіт Ақботаға қырындай бастайды. ...
Ағатайым 2 маусым 37 эпизод
Жәния Қасымова интернатта өскендіктен тәрбиеші жұмысын қалады. Жұмысына кіріскен Жәния келеңсіз жайттар мен адам сенгісіз ...
Баянды өтірік 2 маусым 36 эпизод
Айым - жалғызбасты әйел. Оның жар дегенде жалғыз ұлының көзіне зақым келгенде, байқұс әйел оның ...
Купидон құрбаны 2 маусым 35 эпизод
Күйеуімен ажырасқан Еңлік он жасар ұлын жетектеп, жаңа өмір бастау мақсатымен басқа қалаға көшеді.Анасының жанына ...
Тастанды 2 маусым 34 эпизод
30 жасар Майраның Нұрәлімен жүріп жүргеніне бірнеше ай болды. Келешегі мол, күйеуге шығуға лайықты деп ...
Арам ниетті сыныптас 2 маусым 33 эпизод
Баладай аңғал мінезді Ғалия химиялық тазалау орнында жұмыс істейді. Ол бақытты болуды армандап жүреді. Бірде ...
Сайтанның азғыруы 2 маусым 32 эпизод
40 жастағы Гүлсараның күйеуі университетте мұғалім болып жұмыс істесе де келіншек өз отбасын асырау үшін ...