{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - Ағатайым 2 маусым 37 эпизод

Әйел қырық шырақты - Ағатайым 2 маусым 37 эпизод

13.03.2020

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

Жәния Қасымова интернатта өскендіктен тәрбиеші жұмысын қалады. Жұмысына кіріскен Жәния келеңсіз жайттар мен адам сенгісіз түйткілдерге тап болды. бір-біріне қатыгез балалар. Балалар үйінен жиі қашып кететін тәрбиеленушілердің қылығына директор көз жұма қарайды. Ол аздай, тіпті заңға қайшы әрекеттерге барған. Жәния интернатта Әнел деген қызбен араласып, оның қашып кеткен ағасымен жасырын кездесіп жүргенін білді. Әнелдің ағасының қашып кету себебін естіген Жәния жағасын ұстады. Интернат директоры өзінің жеке фермасын қарауға тәрбиеленушілерді қара жұмысқа жеккен. Бассыздыққа шыдай алмаған Жәния бұл жайлы тиісті органдарға хабарлап, бүкіл интернаттағы былықтың бетін ашып береді. Сөйтіп барлығы қалпына келеді. Әнел ағасымен табысады. Ал Жәния кезінде үйін паналаған туысы өзінің туған анасы екенін біледі. Ол өзін тастап кеткен туған анасын кешіре ала ма? Әрине кешіреді. Өйткені анасының айтуға тұрарлық себебі бар екен.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде