{metadescription}
17 – 23  желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

17 – 23 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл сізге арналған жұлдызнама. Бұл аптада қандай өзгеріс күтіп тұр? Жолыңыз бола ма? Жоспарлаған дүниеңіз іске аса ма? Мәселе шешіле ме? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 17 – 23  желтоқсанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Тоқтылар өзінің іс-әрекетін, сөзін сараптайтын болады, ол өзіне маңызды адамдарды түсіну үшін керек. Өткен айдың оқиғалары артыңыздан қалмай келеді, ол тіпті қайталануы да мүмкін. Қасыңыздағы адамдар өмірдегі ең қиын кезді қайта қарауға мәжбүр етеді. Жұмыста да, жеке өмірде де өте маңызды шешім қабылдауға тура келеді.  Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынас өзгереді. Сіз өзгенің ойына көңіл аударатын боласыз. Достарыңыздың ойы жүйкеңізге әсер етіп, тіпті жыныңызғы тиюі мүмкін, ал жақындарыңыздың пікірі жалған боп көрінеді. Бұл өздігімен шешім қабылдап, әрекет ететін кезеңге етөсіз. Қызметтегі ұстанымыңызды нығайтып, біліктілігіңізді арттыруға талпынасыз. Материалдық жағдай тек сіздің талпынысыңызға байланысты. Бәлкім бір қомақты сома қолға түсіп қалуы да мүмкін. Ересек жастағы туыспен сапарға шығуыңыз мүмкін. Ер адамнан келген жаңалық сіздің жоспарыңызды өзгертеді.   

Торпақтар өзі жасаған ісі немесе сөзінен ыңғайсызданып, мазасыз күй кешеді. Досыңызбен араңыздағы қатынас салқындайды, сіздің бастама көтермегеніңіз оның көңіліне кірбің ұялатады. Жалпы, достардың саны азаяды, бұл уақытта сіз қатынастарыңызды қайта қарап, өзіңізге маңызды адамдармен араласуға бел байлайсыз. Жұмыс бұл аптада бірінші орында тұр. Қарсы жынысты адамнан көмек күтесіз, материалдық та көмек болуы мүмкін. Қаржы мәселесі қиынырақ, дегенмен кімнің ақшасы болса да, қолыңызда бірқатар сома болады. Құжаттар рәсімдейсіз, ресми тұлғалармен кездесіп, бірқатар кабинетке бас сұғасыз. Тәлімгерн ретінде тәжірибе жинайсыз және мүдделі адамның шынайы алғысына бөленесіз. Бір адам сізге ішіндегі сырын ақтарады. Қысқа жолда таныстық күтілуде.

Егіздер өз қызығушылығын жасырып, жұрттың айтқанын тыңдаумен болады.  Өміріңіздегі достардың рөлі маңызды болмақ. Олардың пікірі мен қарым-қатынасы да маңызды болады бұл аптада.  Бұл болашақта қолдау жасауға септігін тигізеді. Біліктілігіңіз мен тәжірибеңіз бейтаныс адамдармен қатынас жасауға көмегін тигізеді. Айналаңыздағы адамдармен қатынаста ашық, кең пейілді боласыз. Бірақ ақшаңызды шашпайсыз, жомарттық танытпайсыз. Материалдық тұрғыда ұстамдылық тұрақты болмақ. Бұл аптада өсек-аяң, алып-қашпа сөздерден, көп ақпараттан  шаршауыңыз мүмкін. Қашықтықта жұмыс істеу туралы ұсыныс түседі. Бірқатар іс-шараларға қатысасыз. Мерекелік отырыстар болады. Қарсы жынысты адамдарға тартымды боласыз. Ғашықтық сезіміне бөленіп қалуыңыз да мүмкін. Бірдемені жасыруға мәжбүр боласыз. Жақындарыңыздың расында сенімділік азаяды.

Шаяндар өзінің пікірін елге тықпаламайды. Айналасындағы адамдардан қалыпты, тұрақты қатынас күтеді. Ол сабырлық сыйлайды. Әдеттегі мінез-құлық сізге жақсы бағдар береді. Кейбір төтенше немесе кенеттен болған оқиға шамыңызға тиюі мүмкін. Біреуге уақыт бөлуге мәжбүр боласыз. Өз жоспарыңызды естен шығармай, тиянақты және ұқыпты боласыз. Асықпай істеген жұмыстарыңыздың арқасында айналаңыздағы адамдарға жұмбақ болып көрінесіз. Бірақ кейбіреулер сіздің жұмағыңызды бұзып, мазаңызды алуға тырысады. Бұл апта жеке бастың тыныштығы мен тұрақтылық орнатуға арналады. Жақын адамыңызды қуантқыңыз келеді. Көңіл бөліп, сыйлық жасағыңыз келеді. Ол шектен шықпай, әдеттегі үлгіде іске асуы мүмкін. Сізге ұсынылған кез келген ерекше әрекетті қабылдаудан бас тартасыз. Қарапайымдылыққа жүгінесіз. Қаржы мәселесі қиындық туғызып тұр. Бұл мәселеде маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Көбісі несие алуға ниетті. Не болса да сіздің қолыңыздан қомақты сома өтеді. Сапар күтілуде. Алыстан келген ақпарат сзді қатты қуантады. Бірнеше жыл күткен іскерлік кездесу орын алуы мүмкін.  

Арыстандар эмоциясына ие болмай ашуға көп булығады. Бұл аптада  айналасындағы адамдармен қатынасы қиындайды. Тіпті бейтаныс, кездейсоқ адамдармен жанжалдасып қалуы да мүмкін. Көбінің серіктестермен келісім-шартты бұзу, мүлікті бөліп беру, сотта сот ісін жүргізу тоқтатылады деп күтілуде. Бұл сондай-ақ жеке кеңістікті жандандыру, өз шекараларын түсіну және жақын туыстарымен қарым-қатынастың жаңа деңгейі. Ушыққан жағдай көзге ұрып тұратын болады. Көптеген мәселелер, әсіресе жауапкершілікке қатысты, ақшалай қарыздарды өз бетімен шешуі тиіс. Апта қандай да бір тәуелділіктен, соның ішінде зиянды нәрседен босатудың өнімді кезеңі. Салмақты жоғалтуға жақсы уақыт. Егер сіз жаңа жұмысқа ауысуды жоспарласаңыз, бұл апта ыңғайлы кезең. Жеке қызығушылықпен және өзі таңдаған бастамалар табысты болады. Өзгелердің кеңесі сізді, ойыңызды  шатастыруы мүмкін. Үмітіңіз ақталмайды. Махаббат туралы арман шындықтан тым алыс.

Бикештер өз идеясына қатты сенеді. Қиялындағы дүниелерді өзгелердің  қолдағанын қалайды. Өзі сенгенінің барлығы да расында да соған сай болады. Өзінің тапқырлығы, адамдарға дұрыс баға беруі қуантады. Даналықтың, ақылдылықтың және прагматизмнің күшеюін сезінесіз. Жұмысыңыз алдын ала болжамды болады. Жиналған  тәжірибе, ұзақ уақыт бойы білетін қарапайым жолдардың белгілі бір жиынтығын өңдеу мүмкіндігі пайдаға асады. Белгілі бағытта көптеген қысқа жолдар күтіледі. Көп уақыт таза ауада өткізуге тура келеді. Көшедегі серуендеу, спорт, физикалық белсенділік сіздің дене шынықтыруды нығайтуға және күнделікті өміріңізді үйіңізге және сіздің тікелей ортаңызға байланысты маңызды нәрселермен толықтыруға көмектеседі. Көптеген бикештер үшін кәсіпқой салада өзгерістер күтілуде. Жұмыс ауыстыру немесе жаңа міндеттер болады. Жан жылуын, достық іздейсіз. Алайда, ешкім сіздің сүйіспеншілігіңізге басын қатырмайды, кем дегенде осы аптада.

Таразылар тағдырлы өзгерістерге ұшырайтын мерзімге енді. Көптеген мәселе әдеттегіден тыс шешімін табады. Күтпеген жағдайлар болуымүмкін, әсіресе бейтаныс серіктестер мен бәсекелестер әрекеттерінің нәтижесі таң қалдырмақ. Көбісі жұмысқа, кәсіби жоспарларға назар аударады. Өз жоспарларын қайта құру, міндеттер мен мақсаттарды өзгерту қажет болады. Маңызды ойлар әрдайым сіздің оқшаулауыңыздың, жалғыздықтың нәтижесі болады. Көптеген сұрақтарға жауап іздейсіз. Және бұл жауаптар түсініксіз түрде келеді. Осы кезеңде сізді көре алмайтын, қызғанатын адамдар мен қарсыластардың белсенділігін сезінесіз, олар сіздің жетістіктеріңізді төмендетуге тырысады. Біреу сіздің жолыңызды тосқауыл қояды, істеріңізде кедергілер мен кешігулер жасауға тырысады. Тіпті бизнес-серіктестеріңіз де қажетсіз кідіріспен сізге зиян келтіруі мүмкін. Бұл күндері сізге жасырын түрде ынтымақтастық туралы ұсыныс түседі. Отбасылық жағдайға байланысты сапар күтілуде. Қарсы жыныстағы егде жастағы туыстың мәселесін шешесіз. Қаржылық мәселе алаңдаушылық туғызуы мүмкін. Бірақ ақша сізге күтпеген жерден келеді. Жеке қатынастарда көптеген жасырын, түсініксіз дүние бар.

Сарышаяндар өзі құрған  жоспарымен жүрсе, данышпандық танытады. Осы кезеңде пайымдап, сабырмен әрекет еткендерді сәттілік күтіп тұр. Кез келген қарбалас шешім бейберекетсіздікке, түсініспеушілікке әкеледі. Кәсіби өзгерістерге қолайлы уақыт. Жұмысқа, еңбек жағдайына, күнделікті жұмысқа деген көзқарас өзгеруі мүмкін. Қаржылық жағдай өзгереді. Табыс табу тәсілі күрделі болады. Бірақ материалдық деңгейге бұл іс жүзінде әсер етпейді. Жақын туыста бірқатар өзгерістер болды. Әлеуметтік жағдайдың өзгеруі немесе ынтымақтастықтың жаңа шарттарына көшу күтілуде. Дұрыс кеңес беріп, уақытында қолдау көрсететін боласыз. Ескі жоспарларыңыз бойынша жолға шығу бар. Тұрмыста жаңартулар күтіледі. Үйге маңызды нәрсе сатып аласыз. Жеке бастамамен байланысты ірі сатып алулар мен сатылымдар үшін қолайлы кезең туып тұр. Белгілі тұлғалардан түскен ұсыныстар сіздің табысқа жетуге арналған жаңа белес болуы мүмкін. Бірақ ол ұсыныс бөтен адамнан түссе, қызықпаңыз.

Мергендер батырып айтуды қажет ететін жерде батылдық танытады.  Көптеген жағдайларда бастаманы көтеруге тура келеді, кез келген жағдайдың жауапкершілігін және толық дәрежесін түсінесіз. Көптеген адамдар үшін бұл апта жұмыс барысында кейбір өзгерістер, жұмысқа уақытша көшу немесе бұрынғы міндеттемелерге оралу сияқты кезең болады. Қалай болғанда да, сізде тәжірибе жеткілікті екенін жақсы білесіз. Белгісіз орындарға барасыз, жаңа адамдармен таныса аласыз, өзара әрекеттесу шарттарын аласыз. Дене жүктемесі, диетаның өзгеруі, белсенді демалыс күтілуде. Жақын адамдар арасында жылжымайтын мүлік мәселесі талқыланады. Осы мәселеде отбасының кіші мүшелерінен көмек болады. Өмірге деген дұрыс көзқарасыңыз және өмір салты туралы ойыңызда көп нәрсе өзгереді. Белгілі бір адамға деген көзқарасың өзгереді. Бұрын сізге сенбейтіндердің табысы сіздің пікіріңізге байланысты болады. Өз айналаңыздағы әлемді өзгертуге талпынасыз. Табысқа жетеіз. Сапар да табысты болмақ.  

Тауешкілер өзін сенімді адаммын дегендерге күдік тудырады, бірақ сабырлылық танытып, бірқалыпты күйде боласыз. Дегенмен еш нәрсе сіздің назарыңыздан тыс қалмайды. Жеке қызығушылығыңызды байқамай, басқа адамдарға жасырын тексеруді ұйымдастырасыз. Бұл басқалардың есебі ашылатын кезең. Ал сіздің ұстанымыңыз нығая түседі. Қызығушылық танытқан адамдар аясында өзіңізге назар аударта аласыз. Неғұрлым беделді, көрінетін тұлға боласыз. Мүмкін, жұмыста жоғарылайсыз. Осы кезеңде белглі бір тұлға сізбен кездесу іздейді. Алыстан қонақ келеді. Жоспарламаған сапарға шығасыз. Кездесулер аса қажетсіз, жиі үстірт болады. Бірақ сіздің өміріңізде олардың екеуі тағдырлы рөл атқарады. Құпиялылығыңыз сіз туралы жағымсыз пікірден сақтап қалады. Өзіңіз туралы және мінез-құлқыңыз туралы айтуға жол бермейсіз. Қаржылық жағдай тұрақсыз, бірақ  бақылауда. Өзіңізге маңызды адамға сыйлық аласыз.  

Суқұйғыштар адамдармен байланыста қарапайым тәсілді қалап, қиын шешімдерден бас тартады. Нәтижелерге ашық, қол жетімді түрде жету керек. Сізге бастамаларыңызға бірдей қарапайым қарым-қатынастың кепілдігі қажет. Апта қысқа мерзімді, бір жолғы әрекеттердің өзара тиімді келісімшарттарын жасасу арқылы ірі бизнесті сатып алуға қатысты істерде табысты болатынын болжап отыр. Бұл белгілі бағытта ұзақ және тұрақты әрекеттердің жемісін беретін кезең. Бірақ жолыңызда бәрібір қиындықтар тұр. Одан құтыла алмайсыз. Дегенмен сенімді досыңыз қолдау көрсететін болады. Көптеген адамдар тұрмсын немесе өз бастамалары бойынша жұмысын өзгерте лады. Қалай болғанда да, бұл әрекет етуге кепілдік береді. Сіздің өміріңізде қазір көп нәрсе өзгереді. Жаттығу, қосымша міндеттер - бәрі тым ауыр, тым қиын болуы мүмкін. Бірақ  жаңа белестің алдында тұрсыз, ол ұзақ уақыт бойы жарқын болады.

Балықтардың өзінің жүрегін ұзақ уақыт жылытып келген өзгерістерді күту туралы ойға толы. Алдыңызда жаңа мәртебе, жаңа істер мен жағдай күтіп тұр! Оған дайынсыз! Өмір салты, отбасылық дәстүр өзгеруі мүмкін. Отбасыңыздағы адамдардың саны өзгереді. Енді сіз не болып жатқанын уақытша құбылыс ретінде қабылдайсыз, бірақ кейінірек бұл сіздің өмір сүру жолыңыздың тұрақты күйіне айналады. Белгілі бір мақсатпен сапар ерекше маңызды болмақ. Жақын туыстардан, мүмкін, жас отбасы мүшесінен ұзақ уақытқа ажырасу күтілуде. Мүдделеріңіз өмірдің материалдық жағына бағытталады. Жылжымалы жылжымайтын мүлікті сату мәселесін шешесіз. Проблемалардың қақ жартысы басқа мүдделі тараптарға жіберіледі. Бірақ сіздің осы маңызды мәселедегі рөліңіз маңызды. Қаржылық жағдай қолайлы, бірақ көптеген шығын күтілуде. Достармен кездесу, мерекелік отырыстар күтілуде. Ал жеке өміріңде ақылды, ұқыпты және мұқият боласыз.  

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Дина Төлепберген: Ақиқатты айтқызудың айла-тәсілін таптым

Діни экстремизм: Дін жолына бысын байлаған басшылар бар ма?

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.