{metadescription}
10 – 16 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

10 – 16 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта несімен ерекше? Мені не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

10 – 16 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты сезімтал және болашақты болжай алатын күйде болмақ. Қаржының артуы шабыт береді. Көңілі көтеріліп, болашаққа жоспар құрады. Оған қоса мақсаттары да таяп қалды. Өйткені таячуда болған дүниелер соған дәлел. Сонымен бірге бұрынғы міндеттемелер бойынша біраз тер төгуге тура келеді. Және жағдайлар да, жұмыстар да шаршатып қана қоймайды, сонымен қоса жұрттың назарын аударып, кәсіби салада көзге түсуге түрткі болады. Өткендегі бір адам пайда болады. Бұрынғы қарым-қатынас шеңберінде кездесу болуы мүмкін. Таныс-достардың өтініштері мазаңызды алады, ол өзіңіздің тәуелсіз болуыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Жалпы, өз мүддеңізге қайшы адамдармен кездесесіз. Жақын адаммен сапарға шығуыңыз мүмкін. Туыстан есте қалардық сыйлық күтілуде. Отбасындағы жасы кіші адамға көмек көрсетесіз.   

Торпақ үйреншікті өмір салтынан жаңа кәсіп табады. Үйінде жаңалықтар болады, оның кейбіреуі шабыт беріп, көңілін көтереді. Қаржы мәселесі үнемдеу қажеттігін талап етсе де, бірқатар зат сатып алудан бас тарта алмайды. Қонақ күтеді. Ірі іс-шараға қатысады, онда адамдар көп болады. Отбасындағы жасы кіші адамға қатысты маңызды оқиға болады. Белгілі бір мақсатпен жолға шығады. Қатардағы жұмыскерлерге бұл апта жағымды болмақ. Біліктілікт жоғарылату мен даму сәттілік әкеледі. Достары мен туыстарының сөзі көңіліне келіп тұрады. Жұрттың орынсыз қалжыңы жүйкесіне әсер етіп, ол тіпті жанжалға әкелуі мүмкін. Тіпті жақын адамымен де. Жаңа байланыс басталмай жатып-ақ бітіп тынады.  

Егіздер ресми түрге айналып кеткен қарым-қатынасты жоюға қашады. Жалған сезіммен сізбен мүләйімсіп араласатын адамдармен сізге қызықсыз. Сіз тым сезімталсыз, түйсігіңізбен бәрін сезіп тұрасыз, сол себепт жалған дүниені ажырата білесіз. Баяғыда болған даудың кесірінен туыстардың расында жанжал тууы мүмкін. Сол себепті сіз екі жақ тараптың татуласуына күш саласыз. Әсіресе ек әйелдің дауын тоқтату қиынға түседі. Дегенмен осы аптада көрген қиындықты ақшағ сыйлық, материалдық пайда жуып-шаяды. Болмаса, қарызыңыз қайтарылады. Бір сөзбен айтқанда, күтпеген жерден ақша түседі. Кейбіреуі емделеді, денсаулығын қалпына келтірумен айналысады. Көбісі түрін жақсартып, дене шынықтыруды қолға алады. Өзгелерден кейбір өмірінің тұсын жасыруға тура келеді. Құпиясын мұқият сақтайды.

Шаян жалықтыратын отырыстар мен кездесулерден мезі болады. Сізді қызықтыратын мәселеге қатысты келссөз жүргізілуі мүмкін. Бұл ынтымақтастық апта, байланысты қалпына келтіру, үзілген қатынасты қалпына келтіру кезеңі. Одан нтиже күтесіз, өйткені ол көздеген мақсатқа бір табан жақындатады. Таңқаларлық жаңлықтар болады, ол сізге шабыт беріп, бастама көтеріп қимылдауға түрткі болады. Күнделікті істермен сапарлар күтілуде. Досыңыздан жақсы кеңес алып,іскери кездесуде ұсақ-түйекке көңіл бөлмейсіз. Қаржы жағы көңіл толтырарлық. Басқалардың ісіне сенімсіздік ешқайда кетпесе де, тап сол бейтаныс адамдардың көмегімен әмияныңызды толтырасыз. Бұл аптада әріптестер арасында сіздің рөліңіз маңызды болады. Абыройыңыз, міндет, кепілді сөз маңызды болмақ. Заңгерлік құжат толтыруыңыз мүмкін. Міндеттемелерге қол қоясыз. Туыстар арасында әлдекімдердің іс-әрекетін қадағалайсыз. Жігер мен әділдік бұл жолы басты рөл атқарады. Ешкім зиян шекпейді. Жеке өміріңізге «Сақтансаң, ақтан» деген ұстаныммен қарайсыз.  

Арыстан жеке өмірде үлкен бетбұрыс кезеңіне өтеді. Бұрынғы қарым-қатынастан мезі болған. Жаңа байланысқа ұмтылады. Тек некедегілер ғана тұрақты. Көбісіне бұл апта ішкі жан дүниесінің өзгеруін, таныстарымен қарым-қатынастың әлсіреуін, оның қызықсыз болуына әкеледі. Бұрынғы ықпалдастықтың бәрінен қызық таппайсыз. Тағдыр сізді жаңа белеске әкеле жатыр. Бірақ ол қандай? Оны өздігіңізбен әрекет еткенде білесіз. Бұл апта тәуекелге бел буу кезеңі, батыл әрекет ету кезеңі. Ол сізге жаңалық әкеліп, үлкен өзгерістерге жетелейді. Мансабыңыз, қызметіңіз, кәсібіңіз өсуі әбден мүмкін. Сонымен қатар жаман әдеттен аулақ болыңыз. Әр нәрсеге өз көзқарасыңызды айтып, соны айқындаумен боласыз.

Бикеш танымал адамның назарына ілігеді. Айналасындағыларға сенімі азаяды, сөйтіп өз еркімен достық қатынсқа ұмтылып, тіпті ашыла сөйлесетін болады. Пайдалы болуғы тырысасыз. Мүдделі адамдардың арасында болу маңызды болмақ. Бірақ өзгелердің назарында болуға біраз күш жұмсауға тура келеді. Таныстарға қызғанышпен қарап, достарға да солай қарайсыз. Сізді бағаламайды, тыңдамайды деген сезімде боласыз. Дегенмен өзіңіз жетік білетін мәселеде пайдаңыз жүзеге асады. Кәсіби жетіктігіңізді асыра бағалау мүмкін емес. Бірақ сезім тұрақсыздығының салдарынан сізбен бірге болу қиынырақ. Өйткені сіздің ішіңіз толған сауалдар мен диалогтар. Соның кесірінен күшіңізден айырылып, әлсіз сезінесіз. Үйге қонақ келеді. Жеке өмірде қасыңыздағы адамға күдік келтірумен боласыз. Бірақ бұл апта жаңа таныстыққа сәттілік әкеледі.

Таразы кейбір фактілерді салыстырып, орнаған қарым-қатынастың мәніне үңіледі. Айналаңызда ақыл айтушылар көп. Бірақ оңашада отырып ойланғаныңыз жөн. Өйткені тек өзіңіз ғана дұрыс шешім қабылдап, нақты нәтижеге қол жеткізе аласыз. Аңғарғыштық және қалыптасқан жағдайды сараптау, өзгенің ниетін алдын ала сезу қасиеті сізде бар. Бұл аптада асықпаңыз. Абыройлы мінез, асығыстық жасамау сізге жақсылық әкеледі. Бұл аптада көп оқып, біліміңізді жетілдіріңіз. Кәсіби салада жетістікке жетуге мүдделісіз. Сенім артқан қатынасты сақтап қаласыз. Жасырын сипаттағы әрекетт жүзеге асыратын кезең бұл. Өзгенің қолдауын жақсы пайдаға асырып, нақты шешім қабылдаудан сіздің болашақтағы істеріңіз жүреді. Мүдделі адамдардың назарына ілігу де маңызды болмақ. Жеке басыңыздың тартымдылығы өседі. Қайда барсаңыз да, назарға ілігесіз. Соның арқасында танысалдығыңыз артып, тартымдылығыңыз көбейе түседі. Барлығы сізге жақын болуға ұмтылады. Өзгеге сенім артқандықтан, ол да өз кезегінде сізге жайлылық әкеледі. Қаржы мәселесі жақсы шешіледі. Ол серіктесіңіздің қолдауы мен қостауының арқасында болады. Туыстар арасында отырыс болады. Ата-ана мен балалар арасындағы қатынас жақсарады. Жеке өмір – тұрақты. Дегенмен осы аптада «сені сүйемін» деген сөзді естуге ынтығасыз.

Сарышаян кәсіби біліктілігін өз пайдасына шешуге асығады. Барлығына қаржы түсетін кезең. Жаңа одақтас іздейді, жаңа творчестволық қарым-қатынас орнатады. Жаңа мүмкіндіктер болады. Ол қызық болмақ. Оның ішінен ең тәуірін тауып аласыз. Бұрынғы одақтастармен жұмыс істеу жеңіл болмақ. Күтпеген сапар, қашықтықтағы аралас-құралас күтілуде. Алыстан қонақ келеді. Өзгенің уақыт тіртібіне ыңғайланасыз. Уақыт үнемдейсіз. Жоспарланған шараны жүзеге асырасыз. Бүкіл апта кездесуге, жылдам демалыс пен шаруаларға толы. Айтулы шаралар, кездесулер де бар. Жеке өмірде бірқатар өзгеріс болады, оны тағатсыздана күтесіз. Бұл бағытта байқап қимылдау қажет.  

Мерген тұрып жатқан жеріне немесе жұмысына қатысты маңызды шешім қабылдайды. Қате жасаудан қатты сақтанады, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауға мұршасы келмеуі мүмкін. Дегенмен шығын аз. Қазіргі тұрақтылықты жақсы бағаласа, сонда болашаққа жоспар құрған оңайырақ. Жақындарынан қолдау, көмек алады. Аямай әңгіме айтып, таныстарының арасында назарда болады. Айтулы күн, дәстүрлі отырыс күтілуде. Ол болашақта тұрақтылыққа, сенімділікке үміт береді. Денсаулыққа көңіл бөлу керек. Алдын алу шаралары, емделу шарасы, болашақта проблемадан сақтайды. Бірқатар ақша қайтарылуы мүмкін. Құжат рәсімдейді, оған шыдамдылық қажет. Жағдай ұзақа созылуы мүмкін. Достарының бірінен алған жаңалық қатты таң қалдырады. Жасырын нәрсе ашылады, құпия ашылады. Ол туралы барлығы ауыз жаппай айтатын болады.

Тауешкі сезімталдығы артып, айналасында болып жатқан дүниені жақсы түсінеді.  Сізді алдап кету өте қиын, ондайлар толып жүр. Айналаңыздағы адамдар сіздің еңбегіңізді пайдалануға асығады, сіздің жетістігіңізді өз пайдасына асырғысы келеді. Бұл аптада жаңа достарыңыз ренжітпек түгілі, тіпті зиян келтіруі мүмкін. Есесіне сенімді дсостар сатқындық жасамайды, олар сізге тірек болады. Қуанышты кездесу, телеонмен сөйлесу, ресми отырысқа дайындықтар жүреді. Марапат, сыйлық, ұтыс алуыңыз ықтимал. Ақша мәселесінде жолыңыз болады. Басқасы жоғалтқан жерде, сіз пайда табасыз. Жоспарланған сапар күтілуде. Қарсы жыныстағы адам, өзге адамдардың назарында боласыз. Оған таң қалмаңыз. Өйткені тартымдылығыңыз артады. Сабыр сақтағаннан рахат аласыз. Үй жануары ма, әлде кішкентай бала ма, сол сізді қуантады. Үйде өзгеріс болады, жихаз ауыстыруыңыз мүмкін. Үйге бір зат сатып алуыңыз да мүмкін.

Суқұйғыш ішкі ұстанымына арқа сүйейді, ол ортасына ықпал етуге көмектеседі. Өткенді ойлап аңсайды, өзіне қымбат адамды ойлайды, түсіністігі ортақ адамын сағынады. Егер назардан тыс қалса, жарқын сәттер аз болса да, соған қарамастан өмірдің қисынын түсінуге тырысады. Әр нәрсеге көңіліңіз толмайды, неге? Сезімге мұқтажсыз, олар жауапсыз. Жұмста бірқатар бетбұрыс бар. Басшының бастамасымен жаңа ынтымақтастық немесе қызмет ауысуы мүмкін. Есесіне, материалдық аспект жақсарады. Жеке қолданысқа қажетті зат сатып алады. Бұл аптада тарихи оқиға, ақпарат алу, ғылыи зерттеу, тәжірибе жинау маңызды. Айналасындағылармен үнемі аралассса да, аралас-құраластыққа зәру боласыз. Басқаларға қызығушылық азаяды, ішіңіз пысады.  

Балықтар сезімі мен ойында құпия дүние көп болғандықтан, бір нәрсені ашық жария етуден аулақ болады. Жоспар құрып, өз идеясын жүзеге асырудың ерекше амалдарын қарастырады. Ол сондай жарқын шығуы мүмкін, өйткені өзге адамдар оны дұрыс түсінбейді. Бұл жағдайда неден қашып, нені жасырып, нені айтқыңыз келетіні түсініксіз. Сіздің әр қадамыңызды аңдушылар көп. Соны жақсы түсініп, әр қадамыңызды байқап басасыз. Кәсіби сала маңызды рөл атқарады бұл аптада. Бұл жерде қаржы- қаражат жағын мұқият қадағалаңыз. Шығынға жол бермеңіз. Бұрын уәде бергендер сөзінен тайқып шығуы мүмкін, өз міндетін атқарудан жалтаруы мүмкін. Ол нақты аты-жөнін айтуға байланысы болмақ. Жұмыс атқару міндетінің келіспеушілігі жынысы қарсы адаммен араңызда жанжал тудыруы мүмкін. Шындық сіз жақта болғанымен, өз мүддеңізді жақтауға айтарлықтай күш жұмсауға тура келеді. Алыс сапар күтілуде. Көшу туралы ой басыңыздан кетпей жүр.

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Инфографика: Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсті 

2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі 

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын алттар

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде