Коммуналдық төлемге айлықтың қанша пайызы жұмсалады?
Қазақстандықтар коммуналдық төлемге айлығының 12 пайызын жұмсайды. Осы индексті өлшеген әлемдік рейтингте еліміз 106 елдің ішінде 20-шы орынға тұрақтады. Бірақ қызметтің қолжетімділігі тұрғысынан 53-ші орында. Орта есеппен тұрғындардың 21 мың теңгесі коммуналдық төлемге кетеді екен.
Автор: Асқарбек Қазанғап
02.03.2021
Рейтингтің көшін Кувейт, Швеция мен Катар бастап тұр. Бұл мемлекеттерде тұрғындар айлығының тек үш пайызын шығындайды. Көрші Өзбекстанның өзі бұл көрсеткіште бізден озып тұр.
2020 жылы электр қуаты 8 пайызға қымбаттады. Бірақ, осыған дейін Табиғи монополияларды реттеу комитеті биыл тариф бағасы көтерілмейтінін алға тартты. Дегенмен жалақының орташа 12 пайызы коммуналдық төлемге жұмсалуы көпшіліктің қалтасын қағатыны рас.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!