{metadescription}
Үлескерлерге анықтама-ақпарат. Алаяққа алданбау үшін нені білу керек

Үлескерлерге анықтама-ақпарат. Алаяққа алданбау үшін нені білу керек

Елімізде үлескерлерді қан қақсататын алаяқтардың саны жыл сайын артып барады. Құрылысқа үлескерлікпен қатыса отырып сан соғып қалмау үшін ең алдымен нені білген жөн? ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып дайындалған бұл анықтама-ақпарат алаяқтықты дер кезінде анықтауға және арамдық жасаушылардың тұзағына түспеуге көмектеседі.

Баспанасын даулағандар. Сергелдеңге түскен үлескерлер. Жиған-тергенін болашақ баспанасына салып, аузы күйгендер енді Үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр.

Енді салынып жатқан үйден жылжымайтын мүлік сатып алғанды бәрі ұнатады. Өйткені әлі енгізілмеген мүліктің бағасы төмен. Бірақ, бұл – қауіпті. Өйткені аталмыш схема тұрғындар арасында ғана емес, сонымен қатар алаяқтарға да белгілі

Кімге сенуге болады?

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңда бірінші кезекте, алақол құрылыс компаниялары қолданған бұрынғы айла-амалдарына тойтарыс беру. Екіншіден, жобалаудан бастап нысанды өткізу сатыларын басқару тәсілдерін түбегейлі өзгерту.  

Сақтандырудың бірқатар қосымша шарасы әзірленді. Атап айтқанда: ақшаны мақсатсыз айдалануға тыйым салу және үшінші тұлғаларға үйдің қаңқасын немесе жерді кепілге беруге және т.б.

Үлескерлік құрылысты ұйымдастырудың тек үш механизмі бар. Үй салушылар мына шарттарды орындағанда ғана үлескерден қаражат тартуға қақысы бар:

  • Тұрғын үйді кепілдендіру қорының үлестік салымға кепілдік беруі;

  • ҚР екінші деңгейлі банктердің бірімен қаржыландыру туралы келісімнің болуы;

  • Өз қаражаты есебінен тұрғын үйдің қаңқасын салу.

Мемлекет қорғауына ие болу үшін нені ескеру керек

  1. Құрылыс салушының қолында әкімдіктен үлескерлерден ақша жинауға рұқсаты немесе тұрғын үй кепілдендіру қорымен келісімі болуы керек. Айтпақшы, екіншіден, былайша айтқанда, сақтықта қорлық жоқ,егер құрылыс салушы банкрот болса іске қосылатын кепілдік механизмі болса. Онда бұл үйді Қордың өзі салып аяқтайды.

  2. Мәміле тек үлескерлікпен қатысу туралы шарт түрінде жасалады. Бұл жағдайда ол тіркелген кезден бастап күшіне енеді. Есепті жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер жүргізеді. Тіркеу – құрылыс салушының міндеті.

  3. Келісім-шартта нысан мен  құрылыс салушы туралы барлық ақпарат болуы тиіс.Құжатта тараптардың реквизиттері (үйдің мекен-жайы, қабаты, жалпы ауданы, мен пәтер нөмірі) ғана емес, сонымен қатар құрылыс салушы бұл жер учаскесіне қандай негізде ие, құрылыстың аяқталу мерзімі, төлем тәртібі және кепілдік қызмет көрсету шарттары көрсетілгені маңызды. Шарттардың басқа түрі, оның ішінде алдын ала, инвестициялық және т.б. – жарамсыз.

  4. Барлық сома (ұлттық валютада) уәкілетті компанияның банктік шотына сақталады. Өкінішке орай, ақшаны күдікті қолхатпен бекітіп қолма-қол аударған оқиғалар  аз емес. ек емес. Енді мұндай әрекетті болдырмауға болады. Үлгідегі келісім-шартқа сәйкес, қаражат компанияның шотына аударылады.

  5. Үлескерлік құрылыс туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Оны әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының сайтынан табуға болады. Рұқсат беру туралы ақпаратты бақылай отырып, қандай құрылыс салушыларға сенуге болатынын және қайсы тұрғын үй кешені қатаң түрде заңға сәйкес салынғанын білесіз.

2009 жылы жарияланған «Үлестік қатысу туралы» заңға қарамастан, құрылыс нарығында алаяқтардың жаңа түрі шығып жатыр. Құрылыс салушылар талаптарды аттап өтіп, үлескерлерден тиісті рұқсатсыз ақша жинау тәсілдерін тапты. Олар бірқатар негізгі тұжырымдаманы жалған ұғымға алмастырды. Үлестік қатысу орнына тұрғындарға тиісті түрде реттелмеген, заңнамалық реттеу саласынан шыққан инвестициялық келісім-шарттарды жаппай ұсынған.

Нәтижесінде қазір қаншама алданған үлескер өзіне тиісті пәтерден айырылып қалды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды сақтамағаны үшін әкімшілік (400 АЕК мөлшерінде айыппұл) және мүліктің тәркіленуімен қылмыстық (12 жылға дейін бас бостандығынан айыру) жауапқа тартылатынын еске салады.

Егер сіз заң бұзушылықтар туралы білсеңіз, Бас прокуратураға мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

+7 (727) 265-04-77 (Алматы);

+ 7 (7172) 71-28-68, +7 (7172) 71-26-20 (Нұр-Сұлтан).

Call-орталығы: 115 (ҚР бойынша тегін).

                         Мәлімет Krisha.kz сайтынан алынды.
Оқи отырыңыз: Жалға алған үйге кірмес бұрын не істеу керек  

Пәтер жалдау: Ерекше ескеретін нәрселер 

Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе? 

Шетелге шыққанда: Кедендік бақылаудан өту ережелері 

Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде