{metadescription}
Тест: Қатты күйзелісте жүрсіз бе?

Тест: Қатты күйзелісте жүрсіз бе?

Бұл заманда күйзеліске түспейтін адам кемде-кем. Жұмыста, қоғамда, отбасында күйзелдіретін жағдай жиі кездесе ме? Көңіл күйіңіз жиі ауытқи ма? Бір нәрсе істеуге деген құлшынысыңыз азайды ма? Енжарлығыңыз артып бара ма? Ендеше төмендегі тестің көмегімен  стресске түскен-түспегеніңізді анықтап көрейік. Жауап беріп, санап, қорытынды жасаңыз.  

I. Хал-ахуалдағы белгілер

1. Дененің әр жері ауырады. (Арқа, асқазан, түсініксіз ауырсыну, әсіресе бас ауруы)

2. Қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі.

3. Ас қорыту процесінің бұзылуы.

4. Бұлшықеттің тырысуы. 

5. Аяқтағы діріл немесе сіңірдің түйілуі.

6. Аллергиялық сипаттағы бөртпелер.

7. Салмақ қосу немесе жоғалту.

8. Себепсіз терлеу.

9. Ұйқының, тәбеттің бұзылуы.

10. Жыныстық белсенділіктің бұзылуы.

II. Эмоциялық белгілер

1. Күйгелектік, артынша тез ашулану.

2. Селқостық.

3. Үнемі жабырқау, депрессия.

4. Мазасыздану.

5. Жалғыздық сезімі.

6. Кінәлі сезіну.

7. Өзіңе көңілің толмау.

III. Мінез-құлық белгілері

1. Күндегі істеп жүрген жұмыста қателік жібере беру.

2. Сыртқы келбетіне назар аудармау.

3. Ұйқының, тәбеттің бұзылуы.

4. Темекіні әдеттен көп шегіп, ішімдік ішуді жиілету.

5. Жұмыста немесе отбасында жанжалдың артуы.

6. Шамадан тыс көп еңбектену.

7. Күйгелектік.

8. Уақытым жетпейді деген мазасыз ой.

IV. Интеллектуалдық белгілер

1. Ойын жинақтай алмау.

2.Еске сақтау қабілетінің бұзылуы.

3. Бір проблеманы қайта оралып келіп ойлай беру, түкке қажетсіз нәрселерді ойлау.

4. Шешім қабылдауда қиналу.

5. Басыңа жиі небір жаман ой келу.

  1.  Хал-ахуалдағы белгілер бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа – 2 балл қойылады.

  2. Эмоциялық белгілер бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа 1,5 балл қойылады.

  3. Мінез-құлық белгілері бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа 1 балл қойылады.

  4. Интеллектуалдық белгілер бойынша әр «ИӘ» деген жауапқа 1 балл қойылады.

Жауаптардың ұпай саны:

0-5-тен - стресс жоқ.

6-12 аралығында - қалыпты стресс.

13-24 аралығында - өте жоғары дәрежеде. Емделіңіз.

25-40 аралығында – ағзаңыз сарқылып, түгесілуге жақын. Дереу емделіңіз.  

Күйзеліске түскенде тынышталудың бірнеше мынадай амалы бар:

1 . Назарыңызды басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз. Мәселен, табиғат тамашалаңыз, болмаса терезеден сыртқы көрініске қараңыз. Мазалаған ойдан арылуға тырысыңыз.

2. Қонақта (отырыста, туған күнде, табиғат аясында және т.б. жерде) жүйкеңізге бір нәрсе әсер етсе, жақпаса, көңіліңізге тисе, кетіп қалыңыз. Ұнамсыз сөз айтылған чаттан тезірек шығып кетіңіз. Әлеуметтік желіде біреу көңілге қаяу түсірсе, оны банға жіберіңіз де, парақшаңызды жауып тастаңыз.  

3. Таза су ішіңіз. Бұл кеңесті барлық дәрігерлер береді. Асықпай ішіңіз. Ол су ағзаңызды қайта қалпына келтіруге көмек береді.

4. Өзіңізге қызықты іске ден қойыңыз. Сонымен айналысыңыз. Бұл жаман ойдан арылуға септігін тигізеді.

5. Дене қимылы бар іспен айналысыңыз: Жаяу жүріңіз, суға малтыңыз,  үй жинаңыз, қоқыс тазалаңыз, жыныстық қатынастың да көмегі бар, бау-бақшамен айналысыңыз,  таза ауада жер сыпырыңыз, билеңіз. Айтпақшы, еден жуып, кір жуғанда жиырылып қалған бұлшық ет босайды.

6. Сумен жұмыс істеу. Тіпті ыдыс-аяқ жуған да күйзелістен шығудың таптырмас амалы. Бұны дәрігерлер гипно-психо-терапия деп атайды. Ағып жатқан су шаршағаныңызды басып, тек тұрмыстағы лас-қоқысты ғана емес, сонымен бірге бойыңыздағы жамандықты шайып алып кетеді.   

7. Бұдан да жаман болуы мүмкін еді. Өзгелер де қарқ болып тұрғаны шамалы. Жағдайға көңіліңіз толмай ма? Бұл жағдайдан да сұмдық болса қайтесіз? Елестетіп көріңізші, басына қайғы-қасірет орнаған қаншама адам бар? Мұрныңызды шүйіре бермей, басқа түскен жағдайды еңсеруге күш жинаңыз. Осыны жеңе алсаңыз, сізге ешқандай психотерапияның қажеті жоқ.

8. Ақырындап тыныстап баяу түрде 1-ден 10-ға дейін санаңыз. Дауыстап емес, ішіңізден. Спорт жаттықтырушылары мен дәрігерлер осылай деп ұсынады.

Осы 8 амал күйзеліспен және осы күйзеліс тудыратын аурулармен де алдын ала күрес деп ұғыңыз. Көмегі бар және су тегін. Әйтпесе емделуге ақша төлеп, болмаса, небір алаяқ емші, алаяқ-экстрасенстердің құрбаны болуыңыз мүмкін. Ауырмаңыз!  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.