{metadescription}
«Жөргегіндегі нәжісін жегізген». Науқастарды мазақ қылған студенттің соты созбаланып кетті
«Жөргегіндегі нәжісін жегізген». Науқастарды мазақ қылған студенттің соты созбаланып кетті

«Жөргегіндегі нәжісін жегізген». Науқастарды мазақ қылған студенттің соты созбаланып кетті

Жөргегіндегі нәжісін жегізіп мазақ қылған! Елордада дерті дендеген науқастарға ойына келгенін істеген студенттің соты сағызша созылуда. Бір жылға жалғасқан процесте бүгін де үкім оқылған жоқ. Жәбірленушілердің туыстары енді айыпталушы жазадан оңай сытылып кете ме деп алаңдайды. Адам нанғысыз сұмдық жайттың жай-жапсарын КТК тілшісі біліп қайтты.

Адам нанғысыз сұмдық жағдай осы клиникада болған. Бірақ ол кезде бұл мекеменің ресми мекенжайы басқа деп көрсетілген. Медицина университетінің жоғары курс студенті онсыз да тағдырынан теперіш көріп айықпас дертпен күресіп жатқан науқастарға көрсетпегенді көрсеткен. Басынан ұрған, қолымен нұқыған, ең сорақысы, мүгедектердің жөргектерін ашып, ондағы нәжістіі жеуге мәжбүрлеген.

Айуандық әрекетін студент-дәрігер видеоға түсіріп, жора-жолдастары отыратын арнайы чатқа жіберіп отырыпты. Өліммен арпалысып жатқандардың басына пакет кигізген, одан қалса, жерге жатқызып тепкен. Бұл оның достарына да оғаш көрінбесе керек. Керісінше, қолдап-қолпаштап, әлеуметтік желіге таратып жіберген. Төбесінен жай түскендей күй кешкен жәбірленушілердің туыстары сотқа бірден жүгінеді. Алайда істің жылжитын түрі жоқ.

Мерхат Ахметолдин, адвокат:

- Ол жасөспірім бала, медакадемия студенті. WhatsApp мессенжері чатын ашып, оны «Сідік» деп атайды. Сол чатқа өзінің араласып жүрген жоражолдастары қосылады. Соларға осындай видеолар түсіріп, ақпарат таратқан. Сондай-ақ, қазір айтылмаған ақпарат бар. Бұл бала жалғыз өзі істемеген. Оның қасында тағы бір студент болған. Оған қатысты да бөлек қылмыстық іс ашылады деген ақпарат бар.

Хоспис басшылығы желіде желдей ескен видеодан кейін дәрігерсымақты бірден жұмыстан шығарып жіберіпті. Қызметке аларда бойынан күдік туғызар еш белгі көрмеген едік деп отыр. 21 жастағы студент кішіпейіл, науқастардың іші-бауырына кіріп тұрған. Ал қылмысқа қатысы бар екінші студент турасында ләм-мим деп жақ ашпады.

Гүлмира Князьбекова, клиника директоры:

- Болашақ дәрігер дейміз, практикамды осында өткіземін деген соң, біз оны қабылдадық. Бізде жұмыс істеген кезде кішіпейіл, оның адамға деген қарымқатынасынан, сөйлеу мәнерінен психологиялық өзгерістерін байқаған жоқпын. Енді күнделікті аралап қарап кеткеніммен, жеке былай әрқайсымен... Жұмыс барысын білесіз ғой. Пациенттердің бұдан басқа ұйымдастырушылық жұмыстары бар.

Палеативті орталықтан оңай құтылған студент-дәрігер озбырлығын басқа клиникада жалғастырған. Кино сценарийіне бергісіз оқиға науқас балаларды бейімдеу орталығында жалғасады. Мұнда да, тағдыры онсыз да маңдайынан сипамаған балаларды ұрып-соққан. Тіпті сексуалдық сипаттағы қорлық көрсетіпті.

О баста мүгедек жандарға зәбір көрсеткен студентке қатысты 10 отбасы шағымданады. Осы уақыт ішінде дерті дендеген бесеуі о дүниелік болған. Содан ба, туыстары әрі қарай сотты жалғастыруды жөн санамапты. Ал сот үкімі әне-міне шығып қалады деп, судьяны торуылдаудан шаршаған басқа отбасылар күдіктінің тіреп тұрған дөкей туысы бар деген пікірде. Егер айыбы дәлелденсе, дәрігерсымақ студент 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.